Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » «ИРБИС-ТЕКЕЛІ» ЖЕҢІМПАЗ

Жаңалықтар

«ИРБИС-ТЕКЕЛІ» ЖЕҢІМПАЗ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 11.06.2018
Оқылды: 81 Печать страницы
«ИРБИС-ТЕКЕЛІ» ЖЕҢІМПАЗ

2-5 маусым аралығында «Горняцкий» шағын ауданындағы үлкен бөгет аумағында өткен облыстық слетте Балалар мен жасөспірімдерге арналған өлкетану және туризм орталығының тәрбиеленушілері жеңімпаз атанды.

Балалар мен жастардыазаматтық және отаншыл-дық сезімдерге тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақты туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасын зерттеуге баулуды мақсат тұтқан іс-шара дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындық жә-
не қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған «Менің Отаным – Қазақстан» турис-тік экспедициялық жасақтардың облыстық слеті «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және Астананың 20 жыл-дығына арналды. Спорттық бәсекеде облыстың түкпір-түкпірінен 10 туристік команда бақ сынасты. Біздің қаламыздың намысын Бағлан Саванчиев пен Дәулеткелді Есболатовтың жетекшілігіндегі 10 адамнан құрылған «Ирбис-Текелі» командасы қорғады.

Үш күнге созылған спорттық жарыста қатысушылар туристік, өлкетану, экология кезеңдері бойынша сынасты. Сондай-ақ, таныстыру кезеңінде әр команда өзін және өз қаласын таныстыруы керек болды. «Ирбис-Текелі» оқ бойы озып шығып, барлық кезеңдерде жоғары нәтиже көрсетіп, таныстыру, өлкетану бөлімі, кросс-жорық және жартасқа өрмелеу кезеңдерінде үздік деп танылып, бірінші орыннан көрінді. «Іле өзенінің ластануы» жобасын қорғауда және практикалық бағдарлану кезеңінде үшінші орынға ие болды. Экологиялық карта кезеңінде жерлестеріміз төртінші орыннан көрінді.   Қорытындыда текелілік команда жүлделі бірінші орынға ие болды. Талдықорған командасы 2-орын, Ескелді ауданының командасы 3-орынға табан тіреді.