Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Алматы облысының жүрегі – Талдықорған шаһары көркейіп келеді

Жаңалықтар

Алматы облысының жүрегі – Талдықорған шаһары көркейіп келеді

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 04.06.2018
Оқылды: 76 Печать страницы
Алматы облысының жүрегі – Талдықорған шаһары көркейіп келеді

Қай шаһарға назар аударсаң да айрықша сұлулығымен көз тартатын әсем ғимараттар мен салтанатты сарайлардың, көпқабатты тұрғын үйлер мен өнеркәсіптік кешендердің көптеп салына бастағанына куә боламыз.

Қала қанатын кеңге жайып, көркейді. Халықтың саны да өсіп келеді. Шаһарда тұрғын үйлермен қатар, әлеуметтік-мәдени нысандар да салынуда. 

Бүгінде Журналистер үйі, Оқушылар сарайы, Жастарға қызмет көрсету орталығы, көпсалалы аурухана сынды нысандар облыс орталығының ажарын ашып, пайдалануға берілді.

Алдағы уақытта халықаралық стандартқа сай жабық жүзу бассейінің құрылысы басталады. Бұл туралы Астана қаласында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы мәлімдеді. 

27 мың шаршы метр аумақты қамтитын нысан «Жастар» саябағына жалғаса, Оңтүстік-Батыс тұрғын аймағынан бой көтермек. Жаңа ғимаратта ұзындығы 50 және 25 метрлік 4 бассейн болады деп күтілуде. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы облыс орталығына 100-ге жуық спорт нысанын тұрғызу жоспарда бар. Жалпы ауданы 10 538 шаршы метр, жалпы құны 3,8 млрд. теңгені құрайтын 510 орынға арналған драма театр, 2 жаңа орта мектеп пен 1 музыка мектебінің құрылысы басталып, ел игілігіне берілмек. 

Қаланың бүгінгі келбеті өзгеше. Бұл бастамасы ғана болса,-дейді қала тұрғындары.

«Талдықорған қайнаған тірлік пен көз қызықтырар сән-салтанатымен ерекшелененіп тұрады. Оның орталық көшелері де аса көрікті. Тазалығымен ерекшеленетін шағын қаламыз осы қалпында қалмай, көркейе берсе екен. Тарихы тереңге тамыр тартқан ай¬мақ¬тың бірі болады деген үміттеміз», -деді Әсел Нарынбаева.
«Біздің алдымызда үлкен міндеттер бар. Біз қаланың көркеюі үшін барлық жағдайды жасаймыз. Нысандардың жартысы биылғы жылы пайдалануға беріледі, ал қалғандары жөндеу құрылысы аяқталған кезде берілетін болады. Біз сапасы, дизайн жағына да аса мән берудеміз»,- деп атап өтті Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Қараған Нұржанов.