Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » А. Баталов журналистердің сауалдарына жауап берді

Жаңалықтар

А. Баталов журналистердің сауалдарына жауап берді

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 28.05.2018
Оқылды: 141 Печать страницы
А. Баталов журналистердің сауалдарына жауап берді

Астана қаласында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ алаңында Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өңірде жүзеге асырылуы тақырыбында брифинг өтті. Облыс басшысы Президенттік бағдарлама аясында іске асырылып жатқан маңызды әлеуметтік-мәдени жобалар туралы айтып берді.

Негізгі баяндама аяқталған соң облыс әкімі А. Баталов журналистердің сауалдарына жауап берді.

Брифинг барысында барлығы 10-ға жуық сауал қойылды. Атап айтқанда, сұрақтар «Рухани жаңғыру» бағдарламасына меценаттардың үлесі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысуылардың тағдыры, Алакөл көлінің жағалауында туризмді дамыту шаралары, Талдықорған қаласындағы жаңа драма театр құрылысы, облыстағы жаңадан құрылған Кеген ауданын дамыту барысы мен жоспары, Астананың 20 жылдығына орай Алматы облысы бас қалада құрылысын жүргізіп жатқан «Арай» саябағының жаңғырту жұмыстары және т.б. туралы болды.

Қойылған сауалдардың бәріне нақты әрі толық жауап берілді.