Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Қазақстандықтар жеке мәліметтеріне қолжетімділікке тыйым сала алады

Жаңалықтар

Қазақстандықтар жеке мәліметтеріне қолжетімділікке тыйым сала алады

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 24.05.2018
Оқылды: 84 Печать страницы
Қазақстандықтар жеке мәліметтеріне қолжетімділікке тыйым сала алады
Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация басшысы Абылайхан Оспанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте апта соңына дейін қазақстандықтарға жеке мәліметтеріне қолжетімділікке тыйым салу мүмкіндігі болатындығын айтты. Қазіргі таңда «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр.
 
«Жеке мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біз азаматтар өзі туралы жеке ақпаратты толықтай бақылай алатын жоба жасадық.Басқаша айтқанда, тіпті ХҚО қызметкері де жеке мәліметтерді көре алмайды, операторлар қандай бір жеке мәліметтерге қол жеткізу үшін азаматтардың СМС рұқсатын алуы тиіс», - деп түсіндірді Оспанов.
 
Бұл жоба екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Осы аптаның соңына дейін алғашқы кезеңде электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетінде мәліметтерге қолжетімділікке тыйым салу функциясы іске қосылады. Әрбір портал қолданушылары осы функция арқылы өзінің жеке мәліметтеріне қолжетімділікті қоса алады және жауып тастай алады. Бұл орайда тыйым салу функицясын тек жеке кабинет арқылы ғана жасауға болады.
 
Екінші кезең – жеке мәліметтерге қолжетімділікті жабу функциясын өшіру үшін СМС сервисті іске қосу. Яғни егер қолжетімділік бұғатталған болса, азаматтың ЖСН-ның жүйеге енгізген кезде ХҚО операторы қолжетімділікті ашу туралы СМС-хабарлама алады. Көрсетілетін қызметті алушыдан СМС-рұқсатын алған жағдайда ғана фронт-офис жұмыскері қандай да бір мемлекеттік қызметті көрсете алады.
 
Айта кету керек, бұл сервисті қолдану үшін қызмет алушы мобильді азаматтар базасына тіркелуі тиіс. Мұны электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте немесе кез келген ХҚО-да жасауға болады.
 
 
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметі

 

«АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» 8 МЛН. ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРМАҚ
 
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметіндегі басым бағыттардың бірі – «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында халық арасында электрондық портал арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді өздігімен пайдалана білуге үйрету және кеңінен насихаттау. Бағдарламаны жүзеге асыру бағытында «Электрондық үкімет және электрондық қызметтер» курсы бойынша оқу бағдарламасы әзірленген болатын. Жалпы осы жоба аясында «Азаматтарға арналған үкімет» 8 млн адамның цифрлық сауаттылығын арттырмақ. Бұл туралы ОКҚ-да өткен мемкорпорацияның 2 жылдық қызметін қорытындылауға арналған жиында мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов хабарлады.
А.Оспанов атап өткендей, үстіміздегі жылдың маусым-тамыз айларында «ҰАТ» АҚ, «Қазпошта», «Зерде» және жергілікті атқарушы органдардармен бірлесе отырып шамамен жарты миллион адамның цифрлық сауаттылығын арттыру жоспарлануда. Осы мақсатта Қазақстан бойынша 880 жаттықтырушыны арнайы дайындықтан өткізіп, сертификаттар табысталды. Аталмыш оқыту курстары қала, аудан, ауыл халқына бірдей қолжетімді болады.
Қазіргі таңда мемлекеттік корпорацияның әрбір фронт-офисі өзіне-өзі қызмет көрсету «Connection Point» секторымен жабдықталған, ол жерде «электрондық үкімет» порталы және басқа да мемлекеттік ресурстарға шығу мүмкіндігімен қамтамасыз етілген 2 628 жұмыс орындары ұйымдастырылды. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторында азаматтар өз бетінше ЭЦҚ алуға өтінім беруге, сондай-ақ 700-ден астам электрондық қызмет пен сервистер алуға мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері «Connection Point» арқылы 4,5 млн.-нан аса кеңес беріліп, 4 млн. қазақстандық өздігімен қызмет алған.
«Сонымен қатар биыл еліміздің барлық облыс орталықтарында Цифрлық халыққа қызмет көрсету орталықтарын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Қазір жоба пилотты негізде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында тиімді жұмыс жасауда. Мұндай орталықтардың ерекшелігі – белгіленген кестеге сәйкес цифрлық сауаттылық дағдыларын арттыру бойынша тақырыптық дәрістер өткізетін сыныптарының болуы. 2018 жылдың 4 айында аталмыш сыныптарда 3,6 мың адам білімін жетілдірді», - деді А.Оспанов.
Сонымен қатар адам көп шоғырланатын орындарда (сауда орындарында, вокзалдарда, әуежайларда, соттарда және т.б.) мүдделі мемлекеттік органдармен бірге тұрақты негізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кең ауқымды акциялар мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Айта кетейік, жыл басынан бері мемлекеттік және жеке оқу орындарында (ЖОО, колледждерде және т.б.) 10 мыңнан аса студент цифрлық қызметттер алу бойынша дағдыларын машықтандырды.
 
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметі
тел.: 8 7172 955154
e-mail: pressa_nao@goscorp.kz
 

 

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу рәсіміжеңілдетіледі
 
Әділет министрлігі көрсететін жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу қызметі жуық арада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құзырына өтеді. Қазір мемлекеттік корпорацияда мамандар оқудан өтіп, осы қызметті ұсыну бойынша басқа да дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу бойынша функциясы мемлекеттік корпорацияға берілсе, қызметтердің көрсетілу мерзімін және тіркеу барысындағы шығынды қысқартуға, сондай-ақ қызметтерді кешенді түрде алуға жол ашады. Бұл өз кезегінде әкімшілік кедергілерді жойып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді.
Мысалы, бүгінгі таңда азамат жеке баспана салатын кезде мемлекеттік корпорация арқылы пайдалануға қабылдау актісінің негізінде құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне сәйкестендіру мәліметтерін енгізеді. Мәліметтерді жүйеге енгізген соң бір жұмыс күнінен кейін меншік құқығын тіркеу үшін осы құжаттарды қайта тапсырады. Функциялар корпорацияға берілген кезде осы екі қызмет ХҚО арқылы бір өтінішпен ұсынылатын болады.
Нотариалды куәландырылмаған шарттар мен құқықтарды тіркеу бойынша қызметті алу тәртібі де өзгереді. Қазір қызмет алушы алдымен Әділет министрлігінің жергілікті бөлімшесіне барып, нотариалды куәландырылмаған шарттар бойынша қызметті алады, сосын корпорацияның фронт-офисіне барып, құқықтарды тіркеу үшін құжаттарды тапсырады. Функциялар мемкорпорацияға өткенде, азаматтар ХҚО-ға келіп, екі қызметті бір өтініш бойынша ала алады.
Сондай-ақ мәліметтерде қателіктер мен ақаулар кездесіп, ақпараттық жүйеге түзету енгізу керек болса, қызмет алушы Әділет министрлігінің бөлімшесіне бармай-ақ, сол жерде ХҚО операторының көмегімен жөндей алады.
 
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметі