Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауы өткізіледі

Жаңалықтар

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауы өткізіледі

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 11.05.2018
Оқылды: 68 Печать страницы
«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауы өткізіледі
 «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының                2018 жылғы 18 сәуірдегі № 004 қаулысымен бекітілген
 
 
 «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары»
байқауын өткізу туралы
                 ЕРЕЖЕ                 
 
1. Жалпы ережелер
 
1. Осы Ереже «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауын өткізу тәртібін айқындайды.
2. Байқау қатысушылары – бастамашыл әлеуметтік жобалардың авторлары қызметі жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және басқа да коммерциялық емес ұйымдар бола алады.
3. Байқаудың ұйымдастырушылары болып табылады: «Нұр Отан» партиясы (бұдан әрі – Партия), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік), «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы, облыстардың, алматы және Астана қалаларының әкімдіктері, аудандар мен қалалардың әкімдіктері атынан Басқармалар мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, ішкі саясат басқармалары, бизнес қауымдастықтар.
 
2. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері
 
4. Байқау өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бастамашыл әлеуметтік жобаларды қолдау мақсатында өткізіледі.
5. Байқаудың негізгі міндеттері болып табылады:
1) Қазақстан Республикасында іске асырылатын үздік бастамашыл әлеуметтік жобаларды анықтау;
2) ұсынылған әлеуметтік жобаларда қолданылған үздік тәжірибелерді кеңінен тарату;
3) өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттің, азаматтық қоғамның, бизнестің және азаматтардың өздерінің күшін біріктіру.
 
3. Байқау комиссиялары
 
6. Жеңімпаздарды іріктеу мақсатында Орталық, өңірлік және аумақтық байқау комиссиялары құрылады.
Партия хатшысы басқаратын Орталық байқау комиссиясының құрамы партия Төрағасы Бірінші орынбасарының бұйрығымен бекітіледі.
Өңірлік және аумақтық байқау комиссияларының құрамы партияның өңірлік филиалдарының төрағасының бірінші орынбасарының бұйрығымен бекітіледі.
Өңірлік және аумақтық байқау комиссияларын партияның өңірлік және аумақтық филиалдарының төрағасының бірінші орынбасарлары басқарады.
7. Өңірлік комиссияның құрамына әлеуметтік сұрақтарға жетекшілік ететін аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, аудандық және қалалық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталары филиалдарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқа да мүдделі адамдар қосыла алады.
Аумақтық комиссияның құрамына әлеуметтік сұрақтарға жетекшілік ететін облыс, Алматы және Астана қалалары әкімдерінің орынбасарлары, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, ішкі саясат басқармаларының басшылары, облыстық, Алматы және Астана қалаларының мәслихаттардың депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқа да мүдделі адамдар қосыла алады.
Орталық комиссияның құрамына әлеуметтік сұрақтарға жәтекшілік ететін партия хатшысы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқа да мүдделі адамдар қосыла алады.
 
4. Байқау комиссиясының құқықтары мен қызметтері
 
8. Байқау комиссиясы:
1) түскен материалдарды бағалауға;
2) байқау нәтижесін шығаруға құқылы.
9. Байқау комиссиясы:
1) барлық қатысушыларға тең жағдай жасауға;
2) байқау қорытындысы туралы ақпаратты алдын ала жариялануына жол бермеуге міндетті.
Байқау комиссияның мүшесі байқауға қатысуына жол берілмейді.
10. Байқау комиссиясының отырысы егер оның мүшелерінің үштен екі бөлігінен көбі қатысатын болса құқығы бар болап табылады.
11. Байқау комиссиясы отырысқа қатысып отырған оның мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы көп дауыспен шешім қабылдайды.
 
5. Байқау қатысушыларының құқықтары мен міндеттері
 
12. Байқау қатысушылары:
1) байқау өткізу тәртібі және шарттары туралы ақпарат алуға;
2) байқауға қатысу үшін материалдар жолдауға құқылы.
13. Байқау қатысушылары:
1) осы Ереже талаптарына сәйкес рәсімделген материалдарды уақытылы ұсынуға;
2) осы Ережемен қарастырылған ережелер мен процедураларды сақтауға міндетті.
 
6. Байқау өткізудің шарттары мен тәртібі
 
14. Байқау 3 кезеңді қамтиды:
1) байқаудың өңірлік кезеңінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – Бөлімдер) қатысушылардан өтінім қабылдау мен өңдеуді және түскен өтінімдерді партияның өңірлік филиалдарына жіберуді ұйымдастырады. Партияның өңірлік филиалдары Бөлімдермен бірлесіп байқау комиссиясының жұмысы үшін құжаттарды әзірлеуді, байқау комиссиясының отырысын ұйымдастыру және әзірлеуді, жүлделі орын алған жеңімпаздардың құжаттарын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына жолдауды қамтамасыз етеді;
2) байқаудың аумақтық кезеңінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары (бұдан әрі – Басқарма) өңірлік байқаудың жеңімпаздарының құжаттарын қабылдауды ұйымдастырады, партияның аумақтық филиалдарына жіберу үшін өңірлік байқау жеңімпаздарының тізімі мен құжаттарын жинақтайды. Партияның аумақтық филиалдары Басқармалармен бірлесіп байқау комиссиясының жұмысы үшін құжаттарды әзірлеуді, қорытындылау және жүлделі орын жеңімпаздарын анықтау үшін байқау комиссиясының отырысын ұйымдастыру мен әзірлеуді қамтамасыз етеді.
Партияның аумақтық филиалдары байқаудың аумақтық кезеңінің қатысушыларын атап өту және жүлделі орын жеңімпаздарын құттықтаудың салтанатты рәсімін ұйымдастырады. Аумақтық байқау жеңімпаздарының құжаттары Министрлікке жолданады.
Байқаудың аумақтық кезеңінің қатысушыларын атап өту және жүлделі орын жеңімпаздарын құттықтаудың салтанатты рәсіміне Партияның орталық аппаратының және Министрліктің өкілдері қатысады.
3) байқаудың республикалық кезеңінде Министрлік  аумақтық байқаудың жеңімпаздарының құжаттарын қабылдауды ұйымдастырады, Партияның орталық аппаратына жіберу үшін қатысушылардың тізімі мен презентация материалдарын жинақтайды.
 Партияның орталық аппараты Министрлікпен бірлесіп Орталық байқау комиссиясының жұмысы үшін интернет дауыс беру нәтижесін ескере отырып құжаттарды әзірлеуді, байқау комиссиясының отырысын ұйымдастыру мен әзірлеуді қамтамасыз етеді.
Орталық байқау комиссиясы презентация материалдары мен интернет дауыс беру нәтижелері қаралатын отырыс өткізеді. Байқаудың республикалық кезеңінің жеңімпаздарын анықтау және көрме өткізу жөніндегі шешім Орталық байқау комиссиясымен ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін Комиссия мүшелерінің ашық дауыс беру және интернет дауыс беру нәтижелерін ескеру жолымен қабылданады.
Партияның орталық аппараты және Министрлік бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес байқаудың республикалық кезеңінің қатысушыларын атап өту және жүлделі орын жеңімпаздарын құттықтаудың салтанатты рәсімін ұйымдастырады.
15. Үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу келесі бағыттар бойынша іске асырылады:
1) «Әлеуметтік проблемаларды шешудегі ақпараттық жылжу»;
2) «Әлеуметтік салада еріктілер қозғалысын дамыту»;
3) «Тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету»:
4) «Мүгедектігі бар тұлғаларды қоса алғанда, азаматтарды жұмыспен қамтуға ықпал жасау»;
5) «Қиын өмірлік жағдайдан (адам саудасы құрбандары, тұрмыстық зорлық-зомбылық, баспанасыздық және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу және т.б.) шығуға көмек көрсету».
16.  Байқауға қатысуға өтінім осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде (қағаз және электрондық тасымалдауыштарда) Бөлімдерге немесе Басқармаларға бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын байқау туралы ақпараттық хабарламаларда көрсетілген мерзімнен кешіктірмей беріледі.
17. Тікелей Басқармаларға келіп түскен өтінімдер осы Ереженің                       14-тармағы 1) тармақшасының талаптарын орындау үшін тиісті Бөлімге жолдануы тиіс.
18. Өңірлік кезеңнің жеңімпаздарын іріктеу тиісті комиссиямен ағымдағы жылғы 1-15 шілде аралығында өткізіледі.
19. Аумақтық кезеңнің жеңімпаздарын іріктеу тиісті комиссиямен ағымдағы жылғы 16-30 шілде аралығында өткізіледі.
20. Қатысушылардың қолына жоба құжаттарының қабылданғандығы туралы хабарлама беріледі.
21. Іріктеудің өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша 3 (үш) жүлделі орын анықталады. Бірінші орын иеленген жеңімпаз комиссия шешімімен байқаудың аумақтық кезеңіне жолданады.
22. Іріктеудің аумақтық кезеңінің қорытындысы бойынша 3 (үш) жүлделі орын және байқау демеушілері тарапынан 2 (екі) ынталандыру сыйлығы анықталады. Бірінші орын иеленген байқаудың аумақтық кезеңінің жеңімпаздары комиссия шешімімен байқаудың республикалық кезеңіне жолданады. Шақыру-хабарлама алған адам байқаудың республикалық кезеңінің қатысушысы болып саналады.
23. Комиссиялар әлеуметтік жобаларды іріктеуді 5 балдық жүйеде келесі бағалау өлшемшарттарына сәйкес жүзеге асырады:
1) жобаны жүзеге асыру мерзімі 1 жылдан кем болмауы тиіс;
2) жобаның өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы;
3) жобаның қолжеткізген нәтижелері;
4) осыған ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуы (ағымдағы жобаны жалғастыру және кеңейту);
5) қосымша қаржыландыру көздерінің болуы (қайырмалдық, гранттар, қайырымдылық, әлеуметтік тапсырыс, өз қаражаты);
6) аумақтық қамтуы (жобаны масштабтау);
7) халықтың, соның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдардың қамтылу үлесі;
8) жоба қызметі ауылдық және шалған елді-мекендерде таралуын есептеу.
24. Байқаудың өңірлік және аумақтық кезеңдерінің қатысушылары дипломдар және естелік сыйлықтармен марапатталады.
25. Байқаудың аумақтық кезеңінде жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздары ақшалай сертификаттармен марапатталады:
1) бірінші орын үшін – 1 000 000 теңге көлемінде;
2) екінші орын үшін – 700 000 теңге көлемінде;
3) үшінші орын үшін – 500 000 теңге көлемінде.
26. Интернет дауыс беру Партия мен Министрліктің интернет ресурсында 20 тамыз – 20 қыркүйек аралығында жүргізіледі.
 
7. Байқаудың республикалық кезеңін өткізу тәртібі
 
27. Байқаудың қорытынды кезеңі болып байқаудың аумақтық кезеңінің  жеңімпаздары, өткен жылдардағы үздік әлеуметтік жобалардың авторлары қатысатын республикалық кезең табылады және үздік әлеуметтік жобалар көрмесін ұйымдастыру арқылы республикалық кезеңнің жеңімпаздарын құттықтау рәсімі өткізіледі.
28. Республикалық кезеңге қатысу үшін байқаудың аумақтық жеңімпаздарымен ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:
1) ұсынылған презентация материалдарын ресімдеудің сапасы (видеороликтер, жоба логотипі бар паспорттар, жоба авторына аннотация);
2) презентациялау ұзақтығына видеоролик құрастыру(3 минутқа дейін);
Өткен жылғы республикалық Көрмеге ұсынылған жобалар, сондай-ақ жүзеге асырылу мерзімі 1 жылдан кем жобалар қаралмайды.
29. Байқаудың республикалық кезеңінің қатысушылары дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен марапатталады:
1) бірінші орын үшін – 3 000 000 теңге көлемінде;
2) екінші орын үшін – 2 000 000 теңге көлемінде;
3) үшінші орын үшін – 1 000 000 теңге көлемінде.
Жүлде қоры және байқаудың барлық кезеңдерін өткізуге шығындар демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады.
30. Жүлделі орын алған байқаудың республикалық кезеңінің қатысушылары байқауға 1 жылға дейін қатыса алмайды.
31. Орталық байқау комиссиясының шешімімен байқаудың барлық санатына қосымша сыйақылар қосылуы мүмкін.
32. Байқау қорытындысы бұқаралық ақпарат құралдарында және Партия мен Министрліктің ресми сайтында жарияланады.
 
«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауын өткізу  туралы ережеге
1-қосымша
 
«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауына қатысу үшін өтінім
 
1.
Әлеуметтік жобаның авторы
 
2.
Әлеуметтік жобаның атауы
 
3.
Өтінім тапсырылатын бағыттың атауы
 
4.
Жобаның өңірлерде
іске асырылған кезеңі
(1 жылдан кем емес)
 
5.
Жобаның әлеуметтік маңыздылығы
 
6.
Жоба авторына екі тілде қысқаша аннотация
 
7.
Жоба логотипі көрсетілген екі тілде әлеуметтік жобаның паспорты
 
8.
Жобамен қамтылған адамдар санаты және саны
 
9.
Қаржыландыру көздері
(мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, тартылған қаражат және т.б.)
 
10.
Қол жеткізілген нәтижелер (оңалтудан өткен, жұмысқа орналастырылған, қамтылғандардың және  т.б. саны)
 
11.
Әлеуметтік жоба туралы DVD форматтағы видеоролик (3 минутқа дейін)
 
12.
Қосымша ақпарат (телефон, e-mail және т.б.)
 
13.
Өтінім тапсырған күні