Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 10.05.2018
Оқылды: 165 Печать страницы
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Қазақстандықтардың жартысынан астамы зейнетақы жүйесіне сенеді
 
2017 жылдың соңында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Қоғамдық Пікірлерді Зерттеу Орталығы» ЖШС бірлесе отырып, әлеуметтік зерттеу жүргізді. Соның нәтижесі бойынша қазақстандықтардың зейнетақы Қорына және отандық зейнетақы жүйесіне қаншалықты сенетіндігі, сондай-ақ тұрғындардың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауатылығының деңгейі анықталды.
 
Сауалнама нәтижесі бойынша мынадай мәліметтерге қол жеткізілді: Қазақстан халқының отандық зейнетақы жүйесіне деген сенім индексі ықтимал 10 баллдың ішінде 5,9 баллды құраса, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына деген сенім индексі ықтимал 10 баллдың ішінде 5,7 баллды құрады. Тұрғындардың 58,2 пайызы ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы базалық білімге ие болса, 24,7 пайызының бұл салаға қатысты сауаттылығы жоғары. Бұл ретте тұрғындардың көпшілігі (61%) зейнет жасында қаржылық дәулеттілік негізі - зейнетақы жинақтары болатындығын құптайды, қазақстандықтардың жартысы (50,4%) болашақ зейнетақының қандай болатындығына өздері жауапты болатындығын түсінеді, ал 85 пайызы қолданыстағы зейнетақы жарналарының бірі туралы хабардар.
 
Әлеуметтік-демографиялық сипаттама тұрғысынан жасалған талдау – 18-29 және 60-65 жастағы азаматтар арасында, сондай-ақ ауыл тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер және үкіметтік емес сектор жұмыскерлері арасында сенім деңгейінің жоғары екендігін көрсетті. Сенім деңгейі Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды және Павлодар облысы, сондай-ақ, Алматы қаласы тұрғындарының арасында жоғары. Гендерлік тұрғыда айырмашылық жоқ.
 
Алынған нәтижелер зейнетақы Қорына деген сенімді одан әрі нығайту және Қазақстан халқының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы хабардарлығын (сауаттылығын) арттыруға негіз болады.
 
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 
БЖЗҚ-ның өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға қатысты белсенді жұмысы
 
Биыл ақпан айынан бастап БЖЗҚ өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға қатысты жұмыстарды күшейтті. Осылайша, Қорда зейнетақы жарналары түспейтін шоттарды өңдеу туралы бастама көтерілді. Сөйтіп, 2015-2017 жылдар аралығында ашылған, бірақ содан бері бірде-бір рет жарна түспеген, сондай-ақ, зейнетақы жинақтары бар, бірақ 2017 жылы еш жарна түспеген шоттар анықталды.
 
2018 жылдың алғашқы жартысында 325 мыңдай салымшыны қамту жоспарланған болатын. 2018 жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында 71 мыңнан астам салымшымен байланыс орнатылды. Телефон арқылы хабарласу нәтижесінде сол салымшылардың 25 пайызы (ал бұл – 8 953 адам) қосымша ақыл-кеңес алу үшін Қорға хабарласты. Сондай-ақ, 9 789 жеке зейнетақы шотына жарна түсті. Ал бұл, байланыс орнатылған салымшылардың 14 пайызын құрайды.
 
Сауалнама жүргізу нәтижесінде байланыс орнатылған салымшылардың 68 пайызының жұмыссыз екендігі, ал 15 пайызының өзін-өзі жұмыспен қамтушылар екендігі анықталды. Оларға қолданыстағы өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік әлеуметтік бағдарламалары бойынша ақыл-кеңес берілді. Экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың барлығын жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту үшін осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.
 
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 
БЖЗҚ-ның 8,7 мыңнан астам салымшысы зейнетақыны жоспарлауды үйренді
 
2018 жылы сапалы қызмет көрсетуден басқа, Қор алдына тұрғындар арасында зейнетақыны жоспарлау мәдениетін дамыту мақсаты қойылды.
 
«Осы мақсатқа қол жеткізу үшін қазақстандықтардың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыра отырып, БЖЗҚ-ның оң беделін қалыптастыру арқылы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенімді нығайту қажет. Сонымен қатар дербес зейнетақы жоспарын жасау мәденитін қалыптастыру және ерікті зейнетақы жоспарларын дамыту керек, - деді «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева.
 
2017-2021 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясына сәйкес, БЖЗҚ зейнетақыны дербес жоспарлау бойынша әрбір салымшы үшін кәсіпқой кеңесшіге айналуы тиіс. Осы міндеттерді орындау үшін 2018 жылы сәуірде Қор дербес кеңес беру қызметін іске қосты. Осы қызмет аясында жеке және корпоративтік зейнетақы калькуляторы қолданылады.
 
«БЖЗҚ» АҚ филиалдары екі апта ішінде (2-14 сәуір аралығы) зейнетақыны жоспарлау мәселелері бойынша 8 728 ақыл-кеңес өткізді. Бұл ретте консультациялардың басым бөлігі Алматы қалалық филиалы (1 860) мен Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында (1 491) өткізілді.
 
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 
БЖЗҚ табыстылығы инфляцияны басып озды
 
2017 жылы БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 550,6 млрд теңге болды. Бұл ретте Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 7,92 пайызды құрады. Ал бұл кезеңде инфляция деңгейі 7,1 пайыз болғаны белгілі.
 
Табыстылық деңгейі зейнетақы активтерін біріктіру кезеңінен (2014 ж.) бастап, 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта орта есеппен инфляция деңгейінен жоғары болды. Бұл кезеңде зейнетақы активтерінің табыстылығы 43,24 пайызды, ал инфляция деңгейі 41,76 пайызды құрады. Жылдарға бөліп қарайтын болсақ, табыстылық пен инфляция деңгейін былайша салыстыруға болады:
 
Жыл
Табыстылық деңгейі
Инфляция
2014
6,31%
7,40%
2015
15,65%
13,6%
2016
7,95%
8,5%
2017
7,92%
7,1%
 
Қосымша айта кетелік, бизнес-үдерістерді оңтайландыру, тиімсіз шығындарды қысқарту, жаңа электрондық қызметтерді енгізу және олардың үлесін арттыру бойынша жүргізілген жұмыстар Қорға зейнетақы активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының шамасын 2018 жылға айына 0,0225 пайыздан 0,015 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
Осылайша, 2018 жылы зейнетақы активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының шамасы 33 пайызға азайтылады.
 
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 
БЖЗҚ: жеке қорлардың проблемалық мұрасына қатысты белсенді жұмыстар жүргізілуде
 
Еске сала кетелік, БЖЗҚ құрылмас бұрын зейнетақы нарығында мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры және бірқатар жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс істеді. Осы кезеңде салымшылардың бір қордан екінші қорға ауысуына және мемлекеттік қорда шоттардың автоматты түрде ашылуына байланысты «техникалық», яғни талап етілмеген және қосарлы шоттар пайда бола бастады.
 
2017 жылы Қор өзінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорындағы зейнетақы шарттарын өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізді. Соның нәтижесінде сәйкестендірілмеген жеке зейнетақы шоттарының саны (жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ техникалық шоттар) 2017 жылы 72,5 мың бірлікке азайып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 326,4 мың шотты құрады. Осылайша, жеке жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы шарттарын БЖЗҚ-ға өткізу үдерісі аяқталған сәттен бастап, соңғы 4 жыл ішінде 495 мың техникалық шарт немесе олардың 60 пайызы өңделді. Шарт базасын өзектендіру бойынша жұмыстарды 2020 жылға дейін аяқтау жоспарланған.
 
2017 жылы барлық проблемалық эмитенттерге қатысты белсенді жұмыстар жүргізілді. 2013 жылдың күзі мен 2014 жылдың көктемі аралығында жеке зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландыру жұмыстары жүргізілген болатын. Осы кезеңде Қорға барлығы 32 эмитенттің проблемалық қаржы құралдары өткізілді. Олардың облигацияларының атаулы құны – 161,45 млрд теңге болды.
 
Берешектерді қайтару бойынша жүргізілген кешенді шаралардың арқасында 2017 жылы зейнетақы активтері бойынша Қор алдындағы өтелген берешектердің жалпы сомасы 1,25 млрд теңгені құрады. Бұл 2014-2016 жылдар аралығында өтелген берешектердің жалпы сомасына жақын. Осылайша, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 19 проблемалық эмитент қалды. Олардың атаулы құны бойынша берешектерінің жалпы сомасы 37,3 млрд теңгені құрады. Бұл зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 0,5 пайызына жуық.
 
Проблемалық эмитенттерге қатысты жұмыс бұл өте күрделі үдеріс. Ол көптеген факторларға байланысты. Қазіргі уақытта тағы бір эмитент: «АБДИ Компани» АҚ дефолтқа жол беріп отыр (атаулы құны бойынша 3,8 млрд теңге). Бұл эмитент Қорға қатысты өзінің облигациялары бойынша негізгі қарызының бірінші кезеңін өтеу бойынша 1,2 млрд теңге мөлшерінде дефолтқа (төлей алмау) жол берген. Қазіргі уақытта Қор осы эмитентке қатысты берешекті сотқа дейін реттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
 
Қор алдындағы міндеттемелердің орындалмау мүмкіндігінің жағымсыз салдарын азайтау мақсатында 2018 жылдың бірінші тоқсанында алдын алу шараларын жүргізді. Соның арқасында «Астана финанс» АҚ эмитентінің берешегі реттелді. Эмитент Қордың зейнетақы активтерінің портфеліндегі теңгелік ноталарды толық көлемде сатып алды. Сөйтіп, Қордың зейнетақы активтеріне шығын келтіру қатері жойылды. Нтәтижесінде салымшылардың шотына инвестициялық табыс ретінде 10,8 млрд теңге есептелді.
 
Сондай-ақ, Қор атқару өндірістері мен эмитенттерді оңалту және олардың банкротқа ұшырау рәсімдері бойынша ілеспе қызмет көрсетіп жатыр.
 
«Қазақстан Қағазы» АҚ эмитентіне қатысты өткен жылдың соңында Лондонның Жоғарғы соты «Қазақстан Қағазы» компаниялар тобының Мақсат Әріп, Бағлан Жүніс және Шынар Диханбаеваның үстінен берген талап-арызын қанағаттандыру туралы шешім шығарды. Бұл азаматтар «Қазақстан Қағазы» компаниялар тобының бұрынғы акционерлері және директорлары. Бұл талаптардың «Қазақстан Қағазы» АҚ пайдасына қанағаттандырылуына байланысты тиісті қаражат өндіріп алынып, «Қазақстан Қағазы» АҚ кредиторларының, оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ талабын қанағаттандыруға бағытталуы мүмкін. Бұл ретте бұл эмитентке қатысты оңалту рәсімінің тоқтатылып, банкротқа ұшырау рәсімінің қозғалуына байланысты бұл мүмкіндіктердің жүзеге аспай қалуы мүмкін деген қауіп бар. Бұл қауіп Лондонның сот талқылауы бойынша жауапкер ретінде қатысып жатқан тұлғалардың қарсы тұруына, сондай-ақ «Қазақстан Қағазы» компаниясына қатысты қолданылған банкротқа ұшырау рәсімінің салдарынан туындайтын қиындықтарға байланысты орын алып отыр.
 
Сонымен, 2018 жылдың 1 сәуіріне қарай Қордың инвестициялық портфелінде 20 проблемалық эмитент қалды. Олардың атаулы құны бойынша берешектерінің жалпы сомасы – 41,15 млрд теңге.
 
Қазіргі уақытта Қордың бұған дейін зейнетақы активтері бойынша міндеттемелердің орындалмауына кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту бойынша жіберген арызы аясында 5 қылмыстық өндіріс қозғалды («Комбинат строительных материалов и конструкций-2» ЖШС, «Астана Недвижимость» АҚ, «Астана Финанс» АҚ, «Имсталькон» АҚ және «РЭМИКС-Р» АҚ).
 
Сондай-ақ, зейнетақы Қоры бірқатар эмитенттердің қызметін тексеру мәселесі бойынша Қазақстан республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық зерттеу қызметінің аумақтық бөлімімен бірлесе әрекет жасап жатыр. Ондағы мақсат – эмитенттердің өз құнды қағаздарын сатудан түскен қаражатты мақсатты пайдаланған-пайдаланбағанын анықтау.
 
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 
«БЖЗҚ» АҚ 2017 жылы және 2018 жылдың 1 тоқсанында атқарған қызметінің қорытындысы
 
Алматы, Қазақстан – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы және меншікті активтері бойынша 2017 жылғы қаржы есептілігіне сыртқы аудит жүргізілді. 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай «БЖЗҚ» АҚ меншікті капиталы 91,3 млрд теңгені құрап, есепті жылда 18,1 млрд теңгеге өсті. Өсім есепті кезеңде үлестірілмеген пайданың артуына байланысты қалыптасты. Есепті жыл ішінде салық салудан кейін қалған таза пайда - 18,2 млрд теңгені құрады.
 
2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,78 трлн теңгені құрады. Сөйтіп 2017 жылдың басынан бері 1,1 трлн теңгеге артты. Яғни, бір жыл ішіндегі өсім 16 пайызды құрады. Зейнетақы жинақтары сомасының Қазақстан Республикасының 2017 жылғы Жалпы ішкі өніміне қатынасы 15,1 пайызды құрады (2016 жылы нақтыланған дерек бойынша – 14,2%).
 
2017 жылы түсімдердің жалпы сомасы (қайтарылған жарналарды есепке алмағанда) 757,7 млрд теңге болды. Зейнетақы жарналарының жалпы түсімі 2016 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 8 пайызға артты. 2016 жылы бұл көрсеткіш (қайтарылған жарналарды есепке алмағанда) 700,7 млрд теңгені құраған болатын. 2017 жылы міндетті зейнетақы жарналары бойынша 1 жеке зейнетақы шотына орта есеппен 120 мың теңгеге жуық қаржы келіп түсті.
 
2017 жылы БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 550,6 млрд теңге болды. Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 7,92 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 7,1 пайыз болғанын еске саламыз.
 
2017 жылдың қаңтар – желтоқсан айлары аралығында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 211,12 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 26,06 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қордан 169,69 млрд теңге төленсе, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 22,69 млрд теңгені құрады. 2017 жылы орта есеппен 1 адамға берілген зейнетақы төлемдерінің сомасы шамамен 576,5 мың теңгеге жетті.
 
Сонымен қатар есепті кезеңде зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында электрондық қызметтерді дамытуға ерекше мән берілді.
 
2017 жылы ақпарат алудың электрондық тәсілі таңдалған жеке зейнетақы шоттарының саны 2016 жылмен салыстырғанда 1,9 млн бірлікке немесе 66 пайызға артты. Хабарлау тәсілі ретінде интернет байланысы таңдалған зейнетақы шоттарының үлесі 30 пайыздан 49 пайызға өсті. Сөйтіп, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай шамамен 4,7 млн бірлікті құрады. Нақты айтар болсақ, шамамен 0,8 млн адам үзінді-көшірмені электрондық мекенжайға алатын болса, 3,9 млн адам ақпаратты Қор сайты немесе әр түрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алу мүмкіндігіне ие болды. 2017 жылы олардың қатарына хабарлау тәсілін өзгерту туралы қосымша келісім жасау арқылы 1,3 млн салымшы (алушы) келіп қосылды.
 
Қор 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап салымшылар мен алушыларға Қор кеңселеріне келмей-ақ негізгі қызметтерді пайдалануға мүмкіндік беретін электрондық сервистерді енгізді. Олардың ішінде міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу, сондай-ақ, зейнеткерлік жасқа толған кезде немесе 1,-ші және 2-ші топтардағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген жағдайда зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беру мүмкіндіктерін атауға болады.
 
Электрондық байланыс арналары арқылы көрсетілетін қызметтердің үлес салмағы 2017 жылы 45 пайыздан 52 пайызға дейін өсті. Жоспар бойынша бұл 47 пайыз болатын.
 
Салымшылар мен алушылар Қордың зейнетақы қызметтеріне өз бетімен қол жеткізе алулары үшін өзіне-өзі қызмет көрсету терминалымен жұмыс істеу бойынша арнайы сервис әзірленді. 2017 жылдың 4-ші тоқсанында Қордың барлық 18 филиалында өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары орнатылды. Осы заманауи технология арқылы салымшылар мен алушылар енді зейнетақы шотын ашудан бастап, зейнетақы төлемдерін тағайындауға дейінгі барлық дерлік электрондық қызметтерді пайдалана алады.
 
Зейнетақы Қоры халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына, олардың ішінде әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше көңіл бөледі. Осылайша, 2017 жылы «Мобильдік кеңсе» жобасы аясында 2016 жылға қарағанда 6,5 есе көп операция жүзеге асырылды. 2017 жылы Қор қызметтерін тұтынушылардың тұрғылықты жері бойынша 7,1 мың көшпелі шара өткізіліп, 189,5 мың операция жасалды. Салыстырып қарайтын болсақ, 2016 жылы 1,1 мың көшпелі шара өткізіліп, 29 мың операция жүзеге асырылды. Оның ішінде жоба бойынша 13,5 мың салымшы мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетіліп, 38,7 мың операция орындалды. 2016 жылы осы санаттағы 15,7 мың адамға қызмет көрсетіліп, барлығы 47 мың операция жүзеге асырылған болатын.
 
БЖЗҚ филиалдық желісінің қызметкерлері 2017 жылы кәсіпорындар мен ұйымдарда 18,1 мың көшпелі таныстырылымдық шара өткізді. Бұл кездесулерге 557 мыңнан астам адам қатысты. Тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және облыстық филиалдардың жұмысымен жете танысу үшін Қор басшылығы Қазақстанның барлық облыстарына іс-сапармен шықты. Іс-сапар барысында Астана мен Алматы қалаларының және барлық облыс әкімдіктерімен ынтымақтастық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыру мәселелері бойынша өзара әрекеттесу туралы Меморандумдарға қол қойылды.
 
Қор жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету және тұрғындармен арадағы байланысты нығайту мақсатында БЖЗҚ жанында Қоғамдық кеңес құрылған болатын. Ол Қор және салымшылар мен алушылар арасындағы тұрақты да тиімді ақпараттық-коммуникациялық арна іспеттес болды. 2017 жылы 6 отырыс және ҚР Ұлттық Банкі мен қаржы нарығының сарапшыларын тарта отырып, зейнетақы жүйесі туралы дөңгелек үстел өткізілді.
 
Есепті кезеңде Қорға кері байланыс арналары бойынша азаматтардан 405 780 өтініш келіп түсті. Бұл 2016 жылға қарағанда (169 159) 2,4 есе көп. Өтініштердің 65 пайызы байланыс орталығы, 27 пайызы Қор сайтындағы онлайн кеңесші, 8 пайызы басқа арналар арқылы келіп түскен. Олардың ішінде Қор кеңсесі, кері байланыс сервисі, Қор сайтындағы Басқарма төрайымының блогы, Пікірлер мен ұсыныстар кітабы және Қордың әлеуметтік желідегі парақшалары бар.
 
2018 жылдың бірінші тоқсанында зейнетақы активтері 193 млрд теңгеге артып, 2018 жылдың 1 сәуіріне қарай 7,97 трлн теңгені құрады. Барлық зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі (98%) міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасты. Биылғы жылдың алғашқы үш айында 92,2 мың жеке зейнетақы шоты ашылды. Жеке зейнетақы шотына келіп түсетін бір зейнетақы жарнасының орташа мөлшері 15 700 теңгені құрады.
 
2018 жылдың алғашқы үш айы ішінде таза инвестициялық табыс 66 млрд теңгені құрады. Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 2017 жылдың наурызы мен 2018 жылдың наурызы аралығында 8,00 пайызды құрады. Ал бұл кезеңде инфляция деңгейі 6,6 пайызға жетті. Яғни, табыстылық инфляция деңгейінен жоғары болды.
 
2018 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында БЖЗҚ-дан төленген төлемдер сомасы 72,4 млрд теңгені, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 3,9 млрд теңгені құрады. Салыстырып қарайтын болсақ, 2017 жылдың сәйкес кезеңінде БЖЗҚ-дан төленген төлемдер сомасы 77,35 млрд теңгені, ал сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 6,04 млрд теңгені құраған болатын.
 
2018 жылдың 1 сәуіріне қарай Қор сайтында электрондық сервистер іске қосылғалы бері оларды 20 мыңға жуық (нақты: 19 194) адам пайдаланып үлгерді. Олардың ішінде 2298 салымшы онлайн тәртібінде жеке зейнетақы шотын ашса, 987 алушы зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш берген. Сондай-ақ 11 754 адам жеке деректемелеріне өзгерістер енгізсе, шамамен 4155 салымшы зейнетақы шоты бойынша ақпарат алу тәсілін интернет байланысы арқылы алуға ауыстырған.
 
Одан басқа 2018 жылдың алғашқы үш айы ішінде зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі бойынша кәсіпорындар мен ұйымдарда 4,8 мың таныстырылымдық шаралар өткізіліп, оларға 152 мыңнан астам адам қатысты.
 
БЖЗҚ тұрақты түрде Ашық есік күні шарасын өткізіп тұрады. 2018 жылдың 27 наурызында кезекті шара өткізіліп, оған шамамен 4806 адам қатысты.
 
2018 жылдың алғашқы тоқсанында электрондық хабарлау тәсілін пайдаланушылардың саны 294,7 мың адамға артты. 2018 жылдың 1 сәуіріне қарай 5 миллионнан астам адам зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алудың электрондық тәсілін таңдады. Оның ішінде 823 мыңнан астам адам үзінді-көшірмені электрондық мекенжайға алатын болса, 4,2 миллионнан астам адам бұл үшін Қор сайтын немесе ұялы қосымшасын пайдаланады.
 
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
 

 
«БЖЗҚ» АҚ және «Қазпошта» АҚ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды
 
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы мен «Қазпошта» акционерлік қоғамы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
 
Осы Меморандум аясында зейнетақы қызметтерін БЖЗҚ бөлімшелері жоқ шалғай елдімекендерде Қазпошта бөлімшелері арқылы көрсету жоспарлануда.
 
Трансферагенттік қызметтерді көрсету үшін елдімекендерді таңдағанда ең алдымен экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындары аз, аудан орталықтарынан алыста орналасқан шағын елдімекендерге басымдық беріледі.
 
Қазіргі уақытта бұл жобаны жүзеге асыру жоспары әзірленген. Техникалық мәселелер шешіліп, «Қазпошта» АҚ қызметкерлер құрамы оқытылған соң, трансферагенттік қызметтер ең алдымен кезең-кезеңмен тұрғындарының саны 5 мыңнан асатын 24 елдімекенде, кейін биылғы жылдың соңына дейін тұрғындары 2 мыңнан 5 мың адамға дейін болатын 70 елдімекенде көрсетілетін болады. Осылайша, 2018 жылы БЖЗҚ қызметінің көрсетілу деңгейі республика бойынша 43 пайызға артады.
 
2019 жылы тұрғындарының саны 2 мыңға жетпейтін 125 елдімекенде трансферагенттік қызмет көрсету жоспарланған.
 
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
 
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz