Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Қадірлі ардагерлер және Отан қорғаушылар!

Жаңалықтар

Қадірлі ардагерлер және Отан қорғаушылар!

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 06.05.2018
Оқылды: 61 Печать страницы
Қадірлі ардагерлер және Отан қорғаушылар!

Отан қорғаушы және Жеңіс күнімен жүрекжарды құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Біздің ел үшін 9 мамыр қасиетті күн болған және солай қала да береді. Жеңіс күні биік адамгершілік қадамдарға бастайды әрі еңбек етіп, қуанышқа бөленетін бейбіт өмірді сыйлаған жандарға тағзым етіп, бас июге мүмкіндік туғызады.

От пен оқтың ортасында жүріп, ел мен жердің тыныштығы жолында жан қиған майдангерлер мәңгі есімізде. Есіл ерлер майдан даласында қасық қаны қалғанша жаумен арпалысты, ал олардың іні-қарындастары, әкелері мен аналары, тіпті балалары да күн-түн демей тылда еңбек етіп, жеңісті жақындатуға үлес қосты.

Сіздер Отан қорғаушылардың бүгінгі ұрпағына туған елге қалтқысыз қызмет етудің, батырлық пен ержүректіліктің үлгісі болып қаласыздар. Сіздер Жеңіс туын биікке тіктіңіздер, оны бейбіт елдің көгінде абыроймен желбірету, аталарымыз бен әкелеріміздің аманатын көздің қарашығындай сақтау біздің парызымыз.

Мереке құтты болсын! Баршаңызға денсаулық, бақ-береке, ашық аспан тілейміз.

Текелі қаласының әкімі Б. Өнербаев

Қалалық мәслихат хатшысы Н. Калиновский