Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Құрметті текеліліктер!

Жаңалықтар

Құрметті текеліліктер!

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 30.04.2018
Оқылды: 160 Печать страницы
Құрметті текеліліктер!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Елімізді мекендеген сан түрлі этностар арасындағы татулық пен келісім – баға жетпес байлық әрі барлық табыстар мен жетістіктеріміздің бастауы.

Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым Қазақстан өз азаматтарының ынтымақ-бірлігімен ырысы еселенген, болмысы бірегей, бағдары айқын, гүлденген мемлекет екенін мақтанышпен айтады. Біз бір мақсатқа, бір мүдде мен бір болашаққа көз тіккен көшелі елміз және осы құндылығымызды көздің қарашығындай сақтауымыз керек.

Баршаңызға баянды бақыт, зор денсаулық, сарқылмас дәулет тілейміз. Жерімізге құт дарып, еліміздегі түрлі этностар мен конфессия өкілдері арасындағы достық туы желбірей берсін. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз берекелі болсын!

Текелі қаласының әкімі Б. Өнербаев

Қалалық мәслихат хатшысы Н. Калиновский