Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » ДАМЫЛСЫЗ ДАМУҒА СЕРПІН

Жаңалықтар

ДАМЫЛСЫЗ ДАМУҒА СЕРПІН

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 06.04.2018
Оқылды: 246 Печать страницы
ДАМЫЛСЫЗ ДАМУҒА СЕРПІН

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, олимпиада чемпионы Ольга Шишигина Текелі қаласына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар нысандарды аралап, тұрғындармен жүздесті.

Текелі қаласының әкімі Бахтияр Өнербаев Мәжіліс депутаты мен Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тұратбек Чарапиевті қаланың әлеуметтік-экономикалық даму өрісімен таныстырды. Олар алдымен «Текелі» шипажайында болып, емдеу-сауықтыру шараларына, демалып жатқан адамдарға жасалған жағдайға көңіл бөлді. Бұдан кейін Текелі кәсіптік колледжінің ұстаздары және студенттерімен кездескен халық қалаулысы Президенттің бес әлеуметтік бастамасында маңыз берілген жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасы, студент жастардың  жатақханадағы жағдайын жақсарту бағытындағы шараларға тоқталып, осы салада қолда бар тетіктердің тиімділігін арттыра түсу қажеттігін айтты. Депутат қана емес, Олимпиада чемпионымен жүздесуге асыққан Балалар мен жасөспірімдерге арналған туристік және өлкетану орталығының ұжымы,
жас спортшылар О.Шишигинаға сұрақтарын жаудырып, чемпионның өмірде де, спортта да жеңіске жету ұстанымдарын көңілдеріне қондырды. Орталықтағы жасанды тауға өрмелеу құрылғысы, велосипедшілердің жаттығу залын, сонымен қатар, Орталық саябақтағы ВМХ трассаны, стритворкаут алаң-қайын аралап көрген Мәжіліс депутаты табиғи мүмкіндігі зор Текеліде спортты дамытуға игі қадамдар жасалып жатқанын атап өтіп, қаланың спорттық инфрақұрылымының жақсара түсуін назарда ұстайтынын жеткізді.