Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » ТАЗА АУЛА, ТАЗА КӨШЕ...

Жаңалықтар

ТАЗА АУЛА, ТАЗА КӨШЕ...

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 01.04.2018
Оқылды: 213 Печать страницы
ТАЗА АУЛА, ТАЗА КӨШЕ...

Жер қарая салысымен тырма, күрек, сыпырғышты қолға алып, маңайды тазалауды әдетке айналдырған тұрғындардан басқалар үлгі алғандары жөн. Өйткені, жұмыста ұжым болып ұйымдастырған сенбіліктен бөлек, өз тұрғын үйлерінің маңайын айнадай қылып қоюға құштарлар некен-саяқ.

Төле би көшесіндегі 41-үйдің тұрғындары Наурыз тойын тойлауды тазалық жұмыстарынан бастады. Сәбит ақсақал бас болып, тұрғындар сенбілікке шығып, қар астынан шыққан күл-қоқысты жинап, арықты тазалады. Үлкендердің бастамасын іліп әкеткен балалар жұмысқа жамыраса кірісіп, ауланы әп-сәтте жарқыратып жіберді. Ауызбірлікпен атқа-рылған істің нәтижесі де көңілге қонымды.

Міне, басқа көп қабатты үйлердің тұрғындары да осылай жиналып, маңайларын жайнатып қойса, сырттан қараған көзге де, өздеріне де жағымды емес пе? 15 наурыздан 15 мамырға дейін көктемгі санитарлық екіайлығы аясында бірнеше мәрте қалалық сенбіліктер өткізіліп, қала көктеммен бірге құлпыра түсуде. Сол әдемі көріністі сіздің үйдің жанындағы күл-қоқыс бұзып тұрғанын қаламайсыз ғой. Ендеше, көш бастап, көршілеріңізбен бірге тазалыққа кірісіңіз. Таза аула, таза көше, таза қала көңілді көтереді, ойды әрлейді.