Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ

Жаңалықтар

ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 03.04.2018
Оқылды: 112 Печать страницы
ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ

2018 жылдың 1-30 сәуір аралығында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған өтінім қабылданады.

Конкурс 3 кезеңде өтеді: бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші кезең – облыстық, үшінші кезең – республикалық.

Бірінші кезең

Конкурсқа қатысуға арнал-ған өтінімдер Үкіметтің  2014 ж. 05.03. №181 қау-
лысымен бекітілген Қағи-даларына (бұдан әрі – Қағидалар) қоса берілген нысан бойынша әкімдіктердің аудандық (қалалық) ішкі саясат бөлімдеріне беріледі.

Екінші кезең

Облыстық деңгейде конкурстық комиссиялар ауданнан (қаладан) ұсынылған жеңімпаздардан конкурстың облыстық турына қатысушыны белгілейді.

Жеңімпаз отбасы кон-курстың республикалық кезеңіне қатысу үшін Астана қаласына жіберіледі.

Үшінші кезең

Конкурстың финалы – қатысушы үміткер үздік отбасын смс-хабарламалар және интернет-ресурс арқылы интерактивті дауыс беру жолымен іріктеу болып табылады.

Байланыс телефондары: 4-40-38, 7-91-01.

 


 

Текелі қаласының «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының
ЕРЕЖЕСІ
 
1. Жалпы ережелер
 
1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі – конкурс) өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурс жылдың басында жарияланады және «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына сәйкес Отбасы күніне орай қорытындыланады.
Конкурсты өткізудің мақсаттары:
1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу және кеңінен насихаттау;
4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
2. Конкурсқа отбасылар (бұдан әрі – үміткерлер) қатысады.
3. Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.
4. Мыналар:
1) қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;
2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.
 
2. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі
 
5. Конкурстың ұйымдастырушысы «Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмысты үйлестіру мақсатында конкурс жеңімпаздарын айқындау бойынша қалалық комиссия құрылады (бұдан әрі – комиссия).
6. Конкурс туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында 1 – 30 сәуір аралығында орналастырылады.
7. Конкурс 3 кезеңде өтеді: бірінші кезең – қалалық, екінші кезең – облыстық, үшінші кезең – республикалық.
8. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер Үкіметтің 05.03.2014ж. №181 қаулысымен бекітілген Қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) қоса берілген нысан бойынша қалалық ішкі саясат бөліміне конкурстың басталуы туралы жария хабарландыру күнінен бастап бір ай ішінде беріледі.
Конкурсқа қатысушыларды іріктеуді Текелі қаласының әкімі басқаратын конкурстық комиссия жүзеге асырады. Конкурстық комиссияның құрамы Текелі қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
Материалдарды қарағаннан кейін комиссия төрағасы – қала әкімі конкурс жеңімпаздарын айқындау үшін 10 мамырға дейін комиссия отырысын өткізеді және Хаттамалық шешіммен 2 жеңімпазды бекітеді.
Қалалық конкурстың 2 жеңімпазының (2 отбасы) материалдары 15 мамырға дейін Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасына жіберіледі.
9. Конкурсқа қатысуға өтінім (осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша) қалалық комиссияға жыл сайын конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жариялаған күннен бастап бір ай ішінде мынадай құжаттармен бірге беріледі:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі – бар болса;
5) балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;
7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);
8) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін үміткерлер ұсынған түпнұсқалар негізінде комиссияның төрағасы куәландырады.
10. Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған үміткерлер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
11. Қалалық комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
12. Ұйымдастырушылар:
1) барлық үміткерлерге тең жағдайды;
2) жеке құпия болып табылатын ақпараттың жасырын болуын;
3) конкурс нәтижелері туралы мәліметтердің ресми жарияланатын күнінен бұрын таралып кетпеуін қамтамасыз етеді.
13. Комиссия алынған ақпаратты жан-жақты тексергеннен кейін қала әкімімен келісілген екі қатысушының (отбасының) конкурстық материалдарын 15 мамырға дейін өңірлік комиссияға жібереді.
14. Конкурсқа қатысушылар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ конкурсты ұйымдастырушылардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
 
3. Конкурсты ұйымдастырушының міндеттері
 
15. Конкурсты ұйымдастырушы ұйымдастырушылық, техникалық, қаржылық, шығармашылық мәселелерді, іс-қимылдарды немесе конкурсты дайындау және өткізу бойынша жұмыс бағыттарын келісу мәселелерін пысықтайды, сондай-ақ қоғамдық бастамаларды қарайды.
Ұйымдастырушының міндеттеріне мыналар жатады:
  1. конкурстың басталуы туралы көпшілікке жариялау;
  2. конкурстың іріктеу айналымына дайындық және оны өткізу бойынша ұйымдастыру жұмысын үйлестіру;
  3. конкурстың имидждік жарнамалық науқанын бекіту;
  4. конкурстың барлық кезеңдеріне дайындықты және өткізуді үйлестіру;
  5. БАҚ-пен жұмыс;
 
_____________________
 
 
«Мерейлі отбасы»
ұлттық конкурсының
ережесіне
ҚОСЫМША
 
 
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған
ӨТІНІМ
 
Отағасының (әкесінің немесе шешесінің) деректері:
 
1.Аты-жөні      
2.Жасы ___________________ Жынысы    
3.Білімі 
4.Жұмысы       
5.Тұрғылықты мекені
6.Отбасы құрамы туралы мәлімет   
7.Отбасының (немесе отбасы мүшелерінің) немен жақсы атағы шыққан        
8.Наградаларының, марапаттарының болуы мен түрлері           
9.Отбасының әрбір мүшесінің деректері:
10.Аты-жөні     
11.Жасы
12.Білімі
13.Жұмысы      
14.Тұрғылықты мекені (мекенжайы және тел.)      
15.Отбасы түрі (2-, 3-, 4-буын және т.с.с.)   
16.Отбасындағы балаларды тәрбиелеу ерекшелігі 
17.Тәрбиелеуге негіз болған ата-ананың қасиеті   
18.Отбасында қандай отбасылық дәстүрлер сақталған     
19.Отбасылық қатынастар қандай қағидаттарға сүйенеді
20.Ұстаздардың, педагогтердің, тәрбиешілердің ықпалы 
21.Отбасы өмірінен қызықты оқиғалар       
22. Отбасылық фотосурет (электрондық нұсқасымен бірге).
 
Қолы
Күні
_____________________
 

 

 
«Мерейлі отбасы»
ұлттық конкурсының
ережесіне
ҚОСЫМША
Текелі қаласының «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсытың
жеңімпаз-отбасыларын іріктеу критерийлері
 
Комиссия үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде мынадай критерийлерді басшылыққа алады:
 
1) отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңызы (отбасы тарихы – визит карточкасы – таныстыру рәсімі);
2) отбасылық дәстүрлер және жәдігерлер;
3) отбасының рухани-адамгершілік құндылықтары;
4) балаларының жетістіктері;
5) ата-аналарының үлгі тұтарлықтай жетістіктері;
6) өздерінің шыққан тегін білуі (шежіре – ру тарихы);
7) отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны – бір аумақта бірге тұрып жатқан бірнеше ұрпақтың өкілдері);
8) отбасының дарындары;
9) отбасының өмір сүру салты (саламатты өмір салты, бос уақыты және т.б.);
10) отбасының қоғамдағы беделі.
 
________________