Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Бірінші топтағы мүгедектер көлік жүргізу куәлігін алды

Жаңалықтар

Бірінші топтағы мүгедектер көлік жүргізу куәлігін алды

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 31.03.2018
Оқылды: 72 Печать страницы
Бірінші топтағы мүгедектер көлік жүргізу куәлігін алды

Тұңғыш рет Талдықорғанда мүмкіндігі шектеулі 1-ші топтағы мүгедек жандар ел қатарлы емтихан тапсырып жүргізуші куәлігін алды. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің мәліметінше, бұған дейін тек 2-3 топтағы мүгедектер ғана куәлік алып көлік тізгіндеп келген.

Алайда, заң жүзінде жүргізуші куәлігін алу үшін мүгедектерге еш жеңілдік қарастырылмаған. Олар да 12 мүшесі сау адамдар секілді медициналық тексеруден өтіп, білімі мен біліктілігін көрсетуі тиіс. Орталықта оларға тек кезексіз қызмет ұсынылады. Бұл жолғы куәлік алғандар Эльмира Смағұлова мен «Ерлік» мүгедектер қоғамының төрайымы Роза Ақжаркенова. Роза ханымның айтуынша, бүгінде бірінші топтағылар тізгіндейтін көлік құралдары негізінен қолмен басқарылады. Мұндай көліктер облыс орталығында саусақпен санарлық. Ал, зауыттарда көлікті мүгедектерге қолайлы етіп жабдықтау құны 800 долларды құрайды екен. Болашақта қолмен басқарылатын көліктер көбейсе, арбаға таңылған жандардың құлшынысы артып, көлік жүргізушілер қатары молая түспек.