Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Текелі қаласы аумағында өртердің алдын алу шаралары

Жаңалықтар

Текелі қаласы аумағында өртердің алдын алу шаралары

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 30.03.2018
Оқылды: 59 Печать страницы
Текелі қаласы аумағында өртердің алдын алу шаралары
2018 жылдың 29 наурыз күні, Текелі қаласы ТЖБ және №24 ӨСБ қызметкерлерімен бірге өрттің алдын алу мақсатында, Текелі қаласы аумағында орналасқан сауда орындары мен ЖШС  «Текелі Алтын чажа» емдеу-сауықтыру орнында «Адамдар жаппай болатын объектілерде өрт шыққан жағдайда іс-қимыл жасау туралы», «Ғимараттан шығарда жақын жерде орналасқан эвакуациялық шығу бағытымен шығыңыз» және «Алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережелері» тақырыптарына өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Аталған іс-шараларды өткізу барысында қала аумағында орналасқан «Жетісу» сауда үйінің және  «Текелі» ЖШС «Алтын чажа» емдеу-сауықтыру орнында меңгерушілері мен қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, жадынамалар таратылды.Қала әкімшілігінде қала аумағында орналасқан білім беру,денсаулық сақтау ірі сауда, базарлар, тамақтану басшыларымен кала әкімінің басқаруымен жиын өткізіліп өрт қауісіздік шаралары толығымен түсіндірілді.
Аталған бағыт бойынша жұмыстар жалғастырылуда.
 
Текелі қаласы ТЖБ бастығы а.қ  подполковнигі  А.Мустабеков