Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАУ – СЕНІҢ БОЛАШАҚҚА БАСТАУЫ

Жаңалықтар

МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАУ – СЕНІҢ БОЛАШАҚҚА БАСТАУЫ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 08.02.2018
Оқылды: 236 Печать страницы
МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАУ – СЕНІҢ БОЛАШАҚҚА БАСТАУЫ
2018 жылғы 6 ақпанда Текелі қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі және №24-ші өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Алматы облысы ТЖД қызметкерлері азаматтық қорғау подполковнигі Г.Қ. Әуелбекованың, азаматтық қорғау майоры Г.С.Жұмабаевның, өртке қарсы қызметінің ардагерлері М.З.Чукеновтың, Б.Ә.Исмаиловтың қатысумен «Текелі кәсіптік колледжі» МКҚК студенттерімен және Текелі қаласының №5 орта мектебінің оқушыларымен кездесу өткізілді, сонымен бірге кездесуге ата-аналар мен мұғалімдер қатысты.
Шараның негізгі мақсаты –Қазақстан Республикасында төтенше жағдайлар жүйесіндегі жұмыс үшін мамандарын дайындайтын жалғыз жоғарғы оқу орны болып табылатын Көкшетау техникалық инситутына оқуға түсу және оқу талаптары туралы мектеп түлектерінің назарына жеткізу. Мектептің барлық ақпараттық тақталарына ҚР ІІМ КТИ үміткерлерді шақыру туралы хабарландырулар ілінді.
Кездесу барысында оқушыларға Көкшетау техникалық институты туралы айтылып, аталмыш институтқа түсу нұсқамаларымен, кестесімен таныстырды. Берілген мағлұматты бұдан әрі тереңдете ақпараттандыру үшін Көкшетау техникалық институты туралы арнайы бейнеролик көрсетілді.
Оқушылармен өздерін қызықтырған сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді. Кездесу соңында мектеп ұстаздары қызықты сұхбат жүргізгендері үшін алғыстарын білдірді.
 
Текелі қаласының ТЖБ