Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » ДАМУ СЕРПІНІ САРАЛАНДЫ

Жаңалықтар

ДАМУ СЕРПІНІ САРАЛАНДЫ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 02.02.2018
Оқылды: 66 Печать страницы
ДАМУ СЕРПІНІ САРАЛАНДЫ
30 қаңтарда Текелі қаласының әкімі Бахтияр Өнербаев Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру және болашаққа жоспарлар туралы келелі әңгіме өрбітті.

Өткен жылда атқарылған кешенді жұмыстардың нәтижесі бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң серпін барын атап өткен Б.Өнербаев: «Биылғы жыл жаңа заманға сай тарихи өрлеу бағытындағы маңызды міндеттерден бастау алды. Жергілікті билік өз қызметінде Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы негізгі басымдықтарды, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, Үкімет бағдарламаларын басшылыққа алады. Осы орайда қала халқының игілігі үшін «Өңірлерді дамыту-2020», «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «2016-2020 жылдарға арналған Кешенді дамыту», «Балапан», «Денсаулық», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламалары жүйелі жүзеге асырылады»,– дей келіп, барлық саладағы байыпты қадамдарға тоқталды.

Мемлекеттік бюджетке өткен жылы 2 млрд. 164 млн. теңге түскен. Өнеркәсіп өнімі 14,6 млрд. теңгеге өндірілген. Бірқатар инвестициялық жобалар іске асырылды. Мәселен, мәрмәр ұнтағын өндіретін «Artek stone» ЖШС қолданысқа енгізіліп, «ТКФ «Алақай» ЖШС кондитер өнімінің өндірісі кеңейтілді. «Bapy Mining» ЖШС шойын өндірісі «зәкірлік» жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Қуаттылығы 28,5 МВт Қора ГЭС-і салынып, Мемлекет басшысының қатысуымен өткен телекөпірде өндіріс іске қосылды. 

Қалада 58 шаруа қожалығы тіркелген. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Аян» шаруа қожалығы 12 млн. теңгеге 71 бас ірі қара мал сатып алды. Дәнді дақылдар және жеміс-жидек өсірумен айналысатын 22 жеке қожалықтың басын біріктірген «Нылқы-Тұлпар» ауылшаруашылығы кооперативі құрылды. «Алма-Дарья» шаруа қожалығында жылыжай кешенін, ешкі шаруашылығын құру және балық шаруашылығы құрылысын бастау жоспарлануда.

Қала әкімі шағын және орта бизнес, туризм, халықты жұмыспен қамту, көлік инфра-құрылымы, ауыз сумен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы игілікті істерді назарға ұсынды. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Достық» шағынауданында 80 пәтерлі жалдамалы тұрғын үй құрылысы аяқталып, жақын күндерде тұрғын үй кезегінде тұрған текеліліктер баспаналы болатынын жеткізді.

Журналистердің сұрақтарына жан-жақты жауап берген Б.Өнербаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған қомақты істердің легі жалғасатынын, биылғы мәдени шаралар негізінен Астананың 20 жылдық мерейтойымен орайластырылатынын айтып, ел игілігіне таза жүрек, игі ниетпен, кәсібилік және азаматтық жауапкершілікпен, ең бастысы жұмылған жұдырықтай бірлікпен еңбек ету өрлеуге өріс ашатынына маңыз берді.