Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » СҮБЕЛІ ЖЕТІСТІК КҮТЕМІЗ!

Жаңалықтар

СҮБЕЛІ ЖЕТІСТІК КҮТЕМІЗ!

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 02.02.2018
Оқылды: 125 Печать страницы
СҮБЕЛІ ЖЕТІСТІК КҮТЕМІЗ!

XXIII қысқы Олимпиада ойындарының басталуына санаулы күндер қалды. 9-25 ақпан аралығына жоспарланған дүбірлі дода Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтеді.

Оған 95 мемлекеттен 2 900 спортшы мен ресми өкілдер қатысады деп жоспарлануда. Ұлттық құрама еншісінде 57 жолдама бар. Олар биатлоннан – 10, конькимен мәнерлеп сырғанау – 3, шорт-трек – 12, коньки тебу спорты – 12, шаңғы жарысы – 7, фристайл-могул – 4, фристайл-акробатика – 5, тау шаңғысы спорты – 2, тұғырдан шаңғымен секіру –  1, шана спорты – 1.

Оңтүстік Корея жерінде ел намысын 46 спортшы қорғайтын болды. Биатлоннан: Василий  Подкорытов, Максим Браун, Тимур Хамитгатин, Роман Еремин, Владислав Витенко, Галина Вишневская, Дарья Климина, Ольга Полторанина, Елизавета Бельченко, Алина Райкова; коньки тебу спортынан: Роман Креч, Денис Кузин, Федор Мезенцев, Артем Крикунов, Станислав Палкин, Екатерина Айдова; конькимен мәнерлеп сырғанаудан: Денис Тен, Элизабет Тұрсынбаева, Айза Мамбекова; шаңғы жарысынан: Алексей Полторанин, Евгений Величко, Денис Волотка, Виталий Пухкало, Анна Шевченко, Елена Коломина, Валерия Тюленева; шорт-тректен: Абзал Ажғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамуханов, Мерсаид Жақсыбаев, Анастасия Крестова, Ионг А Ким; фристайл-могулден: Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков, Юлия Галышева, Аяулым Амренова; фристайл-акробатикадан: Жанбота Алдабергенова, Аяна Жолдас, Ақмаржан Қалмұрзаева, Маржан Ақжігіт, Ильдар Бадрутдинов; тұғырдан шаңғымен секіруден: Сергей Ткаченко; тау шаңғысы спортынан: Игорь Закурдаев, Мария Григорова; шана спортынан: Никита Копыренко.

1 ақпанда алғашқы болып Олимпиада қалашығына биатлоншылар кірді. Қазақстан Республикасының көк байрағы 7 ақпанда көтеріледі.

Интернет материалдарынан