Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Үйретілген – демек құтқарылған!

Жаңалықтар

Үйретілген – демек құтқарылған!

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 26.01.2018
Оқылды: 73 Печать страницы
Үйретілген – демек құтқарылған!
Бейбіт және соғыс уақытында Азаматтық қорғаудың іс-шараларының негізгі бағыттарын қарастырсақ, оның тиімділігі басқару органдарының, азаматтық қорғау қызметтерінің, азаматтық қорғау құрылымдары мен әр түрлі деңгейдегі халықтың дайындығына байланысты екенін тура айтуға болады. Осы үшін республикамыздың әрбір азаматы, керек кезде өзін ғана қорғап коймай, зардап шеккендерге көмек көрсете білу үшін керекті білім мен тәжірибе алу тиіс.
 
Азаматтық қорғаудың дабылдары бойынша қимылдауды, құтқару және басқа да керекті жұмыстарды дұрыс және нақты атқаруды үйрену керек. Оқыс жағдайда қорқынышқа, үрейге қарсы тұратын, ерлік пен табандылықты, азаматтық жауапкершілік пен саналықты білдіре отырып, психологиялық қасиетті тәрбиелеу кажет. Осыларды ескерсек, азаматтық қорғаудың маңызды мақсаттарының бірі халықты оқыту болып табылады.
 
Ағымдағы жылдың қаңтар айының 22-і мен 26-і күндері аралығында Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті және Текелі қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызыметкерлерімен Текелі қаласында жылжымалы тәсілмен сабақтар өткізді. Азаматтық қорғаныс басқармасының 2018 жылға арналған жинақтау жоспарына сәйкес оқытылғандардың жалпы саңы 105 адамды құрады.
 
Сабақтар барысында тыңдаушыларға Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамалық актілердің негізгі талаптары мен ережелері, аудан аумағында болуы мүмкін төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекет тәртіптері түсіндірілді. Сонымен бірге, барлық денгейдегі басшыларға олардың халықты, шаруашылық нысандарды қорғауды ұйымдастыру міндеттері, заңдарды орындамағаны үшін жаупкершілігі, қаржыландыру мәселелері, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, табиғи апат және зілзалардың зардаптарын жою кезде құтқару және басқада кезекті жұмыстарды жүргізілуіне қатысу тәртіптері түсіндірілді.
 
Төтенше жағдайға дайындалу керек, туындаған кезде тиісті іс-әрекеттерді білу және оны орындау үшін жаттығу кажет. Естеріңде болсын, егер сіздер төтенше жағдайға туындамай тұрып өз іс-әрекетіңізді алдын ала пысықтасаңыз, іс-әрекет жасау мүмкіндігіңізбен, сабырлықты сақтау оңай болады.
 
Алматы облысы ТЖД
Азаматтық қорғаныс
басқармасы мен Текелі қаласы ТЖБ