Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » ЖЫЛЖЫМАЛЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТУДЕ

Жаңалықтар

ЖЫЛЖЫМАЛЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТУДЕ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 26.01.2018
Оқылды: 187 Печать страницы
ЖЫЛЖЫМАЛЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТУДЕ
Алматы облысының әкімі, азаматтық қорғаныс бастығы Амандық Баталовтың тапсырмасына және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 2018 жылға арналған жоспарына сәйкес қалада төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жылжымалы оқу-жаттығу өткізілуде.

Апта басында аталған оқу-жаттығуға арналған алқалы жиын өтіп, оған қала әкімінің орынбасары Руслан Дүйсебаев, облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары Марат Кенжеманов, басқарманың аға офицері Ниет Төлегенов, қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ақан Мұстабеков, сондай-ақ, мекеме, кәсіпорын басшылары, азаматтық қорғаныс мүшелері қатысты.

Жиында 5 күнге жалғасатын жылжымалы оқу-жаттығудың мән-маңызы, азаматтық қорғанысқа байланысты өтетін іс-шаралар мен атқарылатын жұмыстар назарға алынды. Соңында төтенше жағдайлар және оның алдын алу мен салдарын жоюға байланысты бейнероликтер көрсетілді.

Оқу-жаттығу сабақтары мектептер мен балабақшаларда, ауруханада және кәсіпорындарда өткізіліп, онда жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдай кезінде басшылыққа алынатын қағидалар мен алғашқы медициналық көмектің әдіс-тәсілдері көрсетілді.