Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » АУЫЛДА ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛДЫ

Жаңалықтар

АУЫЛДА ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛДЫ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 20.12.2017
Оқылды: 89 Печать страницы
АУЫЛДА ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛДЫ

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Рудничный ауылында жаңа учаскелік полиция пункті ашылды.   

Ауыл тұрғындарының игілігі үшін салынған су жаңа нысанның ашылу салтанатына қала әкімі Бахтияр Өнербаев, Алматы облысы ішкі істер департаментінің басқарма бастығы, полиция полковнигі Сабыржан Күреңкеев, сондай-ақ, қаламыздағы мекеме, кәсіп-орындардың басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Алдымен сөз алған қала әкімі Б.Өнербаев барлық саладағы дамулар қоғамдық тәртіпке, тұрақтылыққа тығыз байланысты екенін, сондықтан, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жауапты жергілікті полиция қызметін жақсарту мақсатында облы-сымыздағы елді мекендерде 60-қа тарта тірек пункттері ашылып, учаскелік полиция қызметкерлерін баспанамен қамтуға маңыз беріліп отырғанын, мұның бәрі егемен еліміздегі сарабдал саясаттың жемісі екенін атап, халқымызды мол игіліктерге кенелткен тәуелсіздігіміздің  баянды болуын тіледі. Жаңа қызметтік кеңсеге, баспанаға ие болған учаскелік полиция инспекторы Ербол Аманбаевтың қызметін тіпті де жауапкершілікпен, мол ынта-жігермен атқаратынына сенім білдірді.   

С.Күреңкеев учаскелік полиция пункттерінің, әсіресе, ауылдық жерлердің қоғамдық тәртібін сақтаудағы рөліне баса назар аударды. Себебі, бұған дейін қаладан шалғай елді мекендерде мұндай нысандар болмаған. Ол учаскелік полиция инспекторларының баспанасы мен қызмет кеңсесі бірге орналасқан нысандардың бүгінгі талаптарға сай барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге күш салынатынын жеткізді.

Рудничный ауылының тұрғыны, ауылдағы ақсақалдар ал-қасының төрағасы Сексенбай Жылгелдиев жаңа нысанның лентасын қиып, 5 жылдан бері ауылда тұрақты қызмет атқарып келе жатқан Е.Аманбаевтың жаңа баспанасына аталық ақ батасын берді. «Мен осы ауылда 25 жылдан бері тұрамын. Тәуелсіздікпен бірге түледік. Жағдайымыз жыл өткен сайын жақсарып келеді. Ең бастысы, ауыл тұрғындарының бірлігі бекем. Соны сақтай білуіміз керек. Тәртіп сақшыларының қызметтік кеңсесі, әлеуметтік жағдайы, көңіл-күйі, бәрі-бәрі – қо-
ғамымыздың оларға деген құр-меті мен сенімін нығайта түседі. Бұл, түптеп келгенде, тәртіпке деген құрмет», – деді.

Жаңадан салынған нысанның құрылыс жұмыстарын алматылық «Асыл тау» ЖШС мойнына алған,  аумағы 120 шаршы метрді құрайды. Оның 30 шаршы метрі, яғни, екі бөлмесі – қызметтік кеңсе. Ал үйдің оңтүстік жақтағы бөлмелері полиция инспекто-рының отбасының тұруына арналған, жарық та еңселі. Ауыз су мен кәріз суы орталық жүйеге қосылған. Монша мен ас үйге арнайы электрлі су жылыту құрылғылары орнатылған.