Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » «Батыр» күрес залы ашылды

Жаңалықтар

«Батыр» күрес залы ашылды

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 20.12.2017
Оқылды: 237 Печать страницы
«Батыр» күрес залы ашылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында жеке кәсіпкер Марат Құдайбергенұлы Сыдықовтың демеушілігімен Текеліде «Батыр» деген атаумен жаңа күрес залы ашылды.

Жаңа нысанның тұсауке-серінде қала әкімі Б.Өнербаев, еркін күрестен жат-тықтырушы Б.Нұрғисаұлы өскелең ұрпақ игілігін ойлаған азаматқа ризашы-лықтарын жеткізді.

Күреспен айналысатын балалар мен жасөспірімдердің қуанышында шек жоқ. Олар енді жылы, жарық ғимаратта жаттығатын болады. 12х12 көлемді жаңа күрес кілемінде бабына келген жас спортшылардың талай бәсекелерде топ жаратынына сенім мол. Жаңа ғимаратта барлық құрылғылармен жабдықталған жаттығу залы, киінетін, жуынатын орындар, жаттықты-рушылардың бөлмесі бар.

Туған жерге перзенттік сүйіспеншілігін іспен дәлелдеген «Уют» қонақ-үйінің иесі, жеке кәсіпкер М.Сыдықов келешекте де қала дамуына үлес қосатын жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Марат Сыдықов, жеке кәсіпкер:

– Текеліде қатардағы спортшылар ғана емес, олимпиада жеңімпаздары жаттығады. Осы қаладан түлеп ұшқан қаншама мықты спортшы бар. Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры Нұржан Әбейбеков талапқа сай спорт залы керек екенін айтып жүретін. Кәсіпкер ретінде жеткіншек палуандар жаттығатын зал ашуға бел буып, олардың алдынан үлкен спортқа жол ашуға ықпал етсем деген ниетім болды. Туған жерге, елге пайдамызды тигізу азаматтық парызымыз деп санаймын.