Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » АРЗАН ӘРІ САПАЛЫ НАН

Жаңалықтар

АРЗАН ӘРІ САПАЛЫ НАН

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 06.11.2017
Оқылды: 40 Печать страницы
АРЗАН ӘРІ САПАЛЫ НАН

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру аса күрделі уақытта Текелідегі «Аян» әлеуметтік дүкенінде арзан әрі сапалы нан өнімдері сатыла бастағанын тұрғындар қуанышпен қабылдады.

Әлеуметтік дүкенде Талдықорғандағы «Алтын емел» нан комбинатының өнімдері 15 қазаннан бері сатылуда. Кәдімгі бөлке нан 55 теңге, зауыт наны 65 теңге тұрады. Жалпы мұнда 20-дан аса нан өнімінің түр-лері бар. Бағасы басқа дүкендердегіден 10-15 пайызға төмен. «Алтын емел» нан комбинаты өткізу бөлімінің бастығы, сату бойынша менеджері Сұлтан Османбеков: «Біз алғашқыда тек ұн сататынбыз. Бидайды еліміздің солтүстік облыстарынан өзіміз алып келеміз. Оны диірменде тартып, ұн жасаймыз. Технолог мамандарымыз бидайдың, ұнның сұрыптарын қадағалап, табиғи, сапалы өнім алуымызды назарда ұстайды. «Алтын емел» нан комбинаты өнімдерінің тұтынушылары күннен-күнге көбейіп келеді. Осы дүкенде қазір күніне 100-ге тарта бөлке нан, 70-80 басқа нан түрлері сатылып жатыр. Нанымыз Текелінің басқа дүкендерінде де бар. Бірақ, әлеуметтік дүкенде ғана өз бағасымен сатылады. Ас атасы – нанның бағасы халыққа әрдайым қолжетімді болу керек»,– деп әлеуметтік дүкенде сатылымға шығаратын нан көлемі сұранысқа сай көбейтілетінін жеткізді.

Айта кетерлігі, осы дүкенде әр жұма сайын «Алтын емелдің» 30 бөлке наны көп балалы, аз қамтылған, көмекке мұқтаж жандарға тегін таратылатын болады.