Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » «СҰҢҚАР» СОЧИГЕ АТТАНДЫ

Жаңалықтар

«СҰҢҚАР» СОЧИГЕ АТТАНДЫ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 06.11.2017
Оқылды: 34 Печать страницы
«СҰҢҚАР» СОЧИГЕ АТТАНДЫ

«Былғары доп» республикалық турнирінде жеңімпаз атанған текелілік
 жас футболшылардың «Сұңқар» командасы Сочиде өтетін халықаралық жарысқа аттанды.

Қазақ елінің көк байрағын халықаралық доп додасында желбіретуді мұрат тұтқан жас жеткіншектерге қала әкімі Бахтияр Өнербаев, қалалық мәслихат хатшысы Николай Калиновский, талантты спортшылардан қамқорлығын аямайтын қалалық футбол федерациясының президенті Ертай Дүйсебаев, Кәсіпкерлер палатасы Текелі қалалық филиалының директоры Тұрысбек Жұмаділов ақ жол тілеп, үлкен рух сыйлады. Б.Өнербаев балаларды жастайынан спортқа тартып, салауатты өмір салтын ұстануға баулыған ата-ана, ұстаздарға алғысын білдіріп, сұңқарлықтардың болашағы зор екенін атап өтті. Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы қолдау көрсетіп, қаладағы бірқатар кәсіпкерлер демеушілік жасап, аға жаттықтырушы Қанат Сағымов, жаттықтырушылар Сержан Телтаев пен Жанай Жақсыбеков көп еңбегін сіңірген команда дайындығына сенімді. Текелінің 65 жылдық мерейтойында осындай абыройға қол жеткізген олар ел үмітін ақтауға белді бекем буды. Алда ұзақ сапар, тартысты ойындар. Он жеті баланы екі жаттықтырушы және медицина қызметкері
бастап кетті. Үлкендердің ақ батасын алып Сочиге аттанған сұңқарлықтар 11 қарашада елге оралады.