Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » АУЫЛЫМ – АЛТЫН ҚАЗЫНАМ

Жаңалықтар

АУЫЛЫМ – АЛТЫН ҚАЗЫНАМ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 27.10.2017
Оқылды: 53 Печать страницы
АУЫЛЫМ – АЛТЫН ҚАЗЫНАМ

25 қазанда Талдықорғандағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған Қоғамдық келісім кеңестерінің «Ауылым – алтын қазынам» атты IV облыстық форумында қалалық мәслихат депутаты, славян этномәдени орталығының жетекшісі, Мәдениет үйінің директоры Константин Нестеров төрағалық ететін Текелі қаласының Қоғамдық келісім кеңесі үздік үштіктің қатарынан көрінді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық татулық пен тұрақтылықты  сақтаудағы рөлін күшейту үшін «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Туған жер», «100 жаңа есім», «Қазақстанның киелі географиясы» және тағы да басқа арнайы жобаларды тиімді  жүзеге асыруға ықпал ету, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мақсатында азаматтық қоғам интитуттарының, саяси және үкіметтік емес ұйымдардың, басқа да бірлестіктердің азаматтық ұстаным, қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік негізінде топтасуын қамтамасыз ету және Қоғамдық келісім кеңестерінің осы бағыттағы озық тәжірибелерін насихаттап, өңірлерге таратуды мақсат еткен форумның көтерген жүгі салмақты.

Форумға жиналған көпшілік алдымен Мәдениет сарайының фойесінде қаз-қатар тізілген аудан, қала, ауылдық округтердегі Қоғамдық келісім кеңестері жұмыстарының жетістіктері айшықталған көрмені тамашалады. Көрмеге аудан, қала, ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық даму қадамдары қамтылған көрнекіліктері, этнографиялық карталары, жергілікті жерлерде қайырымдылықты, медиация мен қоғамдық бақылау жүйесін дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру барысы көрсетілген кітапшалар, зерттеулер, альбомдар, буклеттер, фотоесептер және Қоғамдық келісім кеңесі жұмысының тақырыптық стенді қойылды.

Игі шараның салтанатты жиынында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Жақсылық  Омар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Жетісу аймағының әр өңірінде атқарылып жатқан ілкімді шаруаларға тоқталып, алдағы күннің еншісіндегі жоспарлар жайында да сөз саптады. Ұлттық болмысымызды сақтай отырып, дамудың жаңа белесіне шығуды көздеген «Рухани жаңғыру» бағдарламасының базалық бағыттарын түбегейлі орындауға Қоғамдық келісім кеңестерінің белсенділікпен атсалысулары қажеттігін атап өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай өз баяндамасында ҚХА қоғамдық келісім кеңестерін құру арқылы еліміздегі азаматтық қоғам мен мемлекеттік мекемелердің қызметтері бір арнаға тоғыстырылғанын, өткен 9 айдың қорытындысы бойынша барлық 627 қоғамдық келісім кеңесі облыс бойынша әртүрлі деңгейдегі 2727  іс-шара өткізгенін айтып, Қоғамдық келісім кеңестерінің қоғамдық бақылау, медиация, қайырымдылық сияқты міндеттермен қызмет аясы ауқымдала түскеніне тоқталды. Ғ.Тұрсынбай «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» атты бесінші реформасын жүзеге асыруда Қоғамдық келісім кеңестерінің рөлі басым екеніне назар аударды.

Жиында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев және бірқатар аудан, қалалардың Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері сөз алып, кеңес жұмысын оңтайландырудағы озық тәжірибелерін ортаға салды.

Форумды түйіндеген облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Оралбек Жақиянов «Ауылым – алтын қазынам»  көрмесінің үздіктерін марапаттап, жеңімпаздарға диплом мен бағалы сыйлықтар, белсенділерге Алғыс хаттар табыстады. Бас жүлдені Қарасай ауданы иеленсе, 1-орынға Еңбекшіқазақ ауданы, 2-орынға Ақсу, Іле аудандары, 3-орынға Текелі қаласы және Кербұлақ, Панфилов аудандары лайық деп танылды.