Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » ОЙЫН АЛАҢДАРЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

Жаңалықтар

ОЙЫН АЛАҢДАРЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 27.10.2017
Оқылды: 52 Печать страницы
ОЙЫН АЛАҢДАРЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

Жастар корпусын дамыту бағдарламасы аясында «Балалар ойын алаңдарын жаңғырту» жобасымен 1 миллион теңге грант иеленген текелілік іскер жас Денис Писоревский әріптестерімен бірге қазірге дейін 8 ауладағы балалар ойнайтын құрылғыларды жөндеп, сырлап шықты.

Еске сала кетсек, халық-аралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігі бірлесіп ұйымдастырған жастар корпусын дамыту бағдарламасы биыл елімізде алғаш ұйымдастырылып, 4 облыста қанатқақты жоба ретінде іске асырылуда. Жобаға 18 бен 29 жасқа дейінгі жастар қатысты.

Жобаның мақсаты – жастарды әлеуметтендіру, әсіресе, аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан жастарды пайдалы істерге жұмылдыра отырып, өмірге ынталандыру.

Бағдарлама грантына арналған конкурс туралы ақпарат жыл басында жарияланған. Оны жастар арасында насихаттау, жаңа жобаларға түрткі боларлық оралымды ой тастау үшін қаламыздағы ОАУ кәсіптік үздіксіз білім беру мектебі де белсенді атсалысты. Мектептің академиялық бөлім басшысы Б.Сәметаевтың айтуынша, қала жастарын осы игі жобамен таныстыру, іскер жастарды тарту, конкурсқа жоба ұсыну, құжаттар дайындау бойынша атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беріп, белсенді жастарымыздың біразы  аталған бағдарламаның грантын иеленіп, қазір қалада бірқатар пайдалы әлеуметтік жобаларды іске асыруда.

Денис – солардың бірі. Топта тағы Татымжан Жапаров және Айдана Нұрболсын атты екі жас бар. Олар ай сайын тиісті еңбекақысын алып отырады.

Ал грант қаржысына жөндеу жұмыстарына қажетті құрал-саймандар мен темір, ағаш материалдарын, әртүрлі бояу сатып алып, балалар ойын алаңдарындағы бұзылған, тозған құрылғыларды жаң-ғыртып, тұрғындардың ризашылығына бөленуде. 

Жоба қаражаты мен уақыты шектеулі болғанымен, жастардың өз мүмкіндіктерін аша білуіне сеп-тесетіні сөзсіз.