Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » ТИІМДІ МҮМКІНДІКТІ ТАҢДАУ ҚАЖЕТ

Жаңалықтар

ТИІМДІ МҮМКІНДІКТІ ТАҢДАУ ҚАЖЕТ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 05.10.2017
Оқылды: 107 Печать страницы
ТИІМДІ МҮМКІНДІКТІ ТАҢДАУ ҚАЖЕТ

3 қазанда Кәсіпкерлер палатасы Текелі қалалық филиалының директоры Тұрысбек Жұмаділов өткен тоғыз айда атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

Жиынға Текелі қаласының әкімі, Алматы облысының Өңірлік кәсіпкерлер кеңесі мен Кәсіпкерлер палатасының басшылары, «Нұр Отан»партиясының қалалық филиалы, қалалық прокуратура, әділет басқармасы, кәсіпкерлік бөлімі, қалалық іскер әйелдер кеңесінің өкілдері және кәсіпкерлер қатысты.

Кәсіпкерлер палатасы жұмысының негізгі бағыты кәсіпкерлердің құқығын қорғау, әкімшілік кедергілердің алдын алу, бизнесті қаржылық емес қолдау, өңірлік даму картасы, жаңа жобаларды жүйелеу, адам капиталын, туризмді дамыту екенін алға тартқан Т.Жұмаділов алдыңғы екі жылда дуалды оқыту бойынша 36 адам білім алса, биыл желтоқсанда тағы 20 адамды үгіту, ұнтақтау және сұраптау машинасының операторы мамандығы бойынша оқыту жоспарда тұрғанын жеткізді. Палата мамандары кәсіпкерлерге шағын және орта бизнесті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері туралы түсіндіріп, бухгалтерлік және салықтық есептер, заңдық, маркетингтік кеңестер береді. Сонымен қатар, үшінші тоқсанда олардың көмегімен 24 бизнес-жоспар жасалған. Жобалардың көпшілігі екінші деңгейлі банктер мен даму институтының қарауында жатыр. «Бизнес кеңесші», «Іскерлік байланыстар» жобалары негізінде курстар ұйымдастырылды. Т.Жұмаділов шешілуі күрделі мәселелерге де назар аударды. Қалада бау-бақшамен айналысатындарға жер көлемі аз болғандықтан, Талдықорған қаласының орман шаруашылығына тиесілі жеміс ағаштары өсіп тұрған жерді жергілікті тұрғындарға бір жылға ғана емес, ұзақ жылға жалға беру немесе оны жергілікті атқарушы органның қарамағына өткізу туралы ұсыныс айтты. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында шағын несие алуға екінші деңгейлі банк талаптары кәсіпкерлерге қолбайлау болып отырғаны да талқыға салынды. Сондай-ақ, туризмді дамыту инфрақұрылымды реттеуден басталатыны жайлы сөз қозғалды.

Облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззат Шыңғысбаева кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған ауқымды жұмыстардың бір парасына тоқталып, бір мемлекеттік бағдарламаға қатысқан кәсіпкердің екінші бағдарламаға қатыса алмайтындығын, сол себепті тиімді таңдау жасауға мән беру керектігін ескертті. Қала әкімі Бахтияр Өнербаев Кәсіпкерлер палатасының бизнес өкілдері мен билік арасындағы алтын көпір міндетін байыпты атқарып отырғанын айтып, қаладағы кәсіпкерлердің ортақ мақсаттарды жүзеге асыруға жұмыла кірісетін ауызбіршілігі болса, жемісті нәтиже болатынына маңыз берді. Облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Әсет Шаяхметов, кәсіпкерлер құқығын қорғау, әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Әділет Сұлтанбек, Текелі қалалық прокуратурасының прокуроры Айдос Жұмабаев бірлесе атқарылған шаралар туралы айтып өтті. Қала кәсіпкерлері палата қолдауына ризалықтарын білдірді. Жиын соңында қалалық әділет басқармасының басшысы Тілек Арынханұлы кәсіпкерлер құқығы мен мүддесін қорғау бағытындағы тиімді әріптестігі үшін облыстық Кәсіпкерлер палатасының Алғыс хатымен марапатталды.