Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Жеке тұлғалармен салықтөлеушілердің назарына

Жаңалықтар

Жеке тұлғалармен салықтөлеушілердің назарына

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 04.10.2017
Оқылды: 57 Печать страницы
Жеке тұлғалармен салықтөлеушілердің назарына

Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салықтөлеушілердің назарына Қазақстан Республикасының салық кодексінің 645 – бабы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мiндеттi түрде бақылау-касса машиналарын қолдану арқылы жүргiзiледi. Сондай – ақ бақылау кассалық машинасын қолданатын жеке кәсіпкерлер көрсетілген қызметке немесе саудаға түбіртек беруі міндетті болып табылады. Түбіртекті бермеу Қазақстан Республикасының құқық – бұзушылық кодексінің 284 бабы 3 тармағымен қудаланады.  Жеке тұлғаның тарапынан міндетті түрде түбіртек талап ету- азаматтық борыш болып саналады.   

 654 – баптың ережесi:

1) жекеше нотариаттық қызметті немесе атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызметті жүзеге асыратын адамдардан басқа, дара кәсіпкерлер ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуге жатпайтын жеке тұлғалардың;

2) қызметін:

патент негізінде арнаулы салық режимiн қолдана отырып;

ашық сауда базарларының аумағында шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде;

шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша осы арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа);

3) уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, қоғамдық қала көліктерінде тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігіндегі;

4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.

Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушіні қоспағанда, бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеуші ақшалай есеп айырысулар арқылы сауда операциялары кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті.

Бақылау кассалық машиналарын есепке қою мемлекеттік қызметі мемлекеттік кірістер органдарымен жұргізіледі. Кассалық аппаратты қою тәртіптері мен ережелері бойынша , сондай – ақ түбіртекті бермеу фактілері бойынша Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына 4-35-43 телефонына хабарласуға болады.