Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы жадынамасы

Жаңалықтар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы жадынамасы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 04.10.2017
Оқылды: 906 Печать страницы
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы жадынамасы
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы жадынамасы
«Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру»
          (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)
 
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден  бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда.
 Интернет-ресурстары: көрсетілетін қызметті берушінің: www.kgd.gov.kz, Министрліктің: www.minfin.gov.kz.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы да көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
өзге субьектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не орнына барып тексеру талап етілмейтін көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарау бойынша – көрсетілетін қызметті берушіге өтініш түскен күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;
өзге субьектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не орнына барып тексеру талап етілетін көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарау және шешім қабылдау бойынша – көрсетілетін қызметті берушіге өтініш түскен күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;
қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, қарау мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған күнінен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға хабарланады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы жазбаша нысанда не электрондық түрде өтінішті табыс етеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) жазбаша нысанда қағаз жеткізгіште не көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының электронды цифрлы қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы уәжделген жауабы;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы туралы уәжделген жауабы болып табылады.
Сондай-ақ ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 8-800-080-7777, 1414 арқылы да алуға болады.