Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы жадынамасы

Жаңалықтар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы жадынамасы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 20.09.2017
Оқылды: 1339 Печать страницы
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы жадынамасы
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы жадынамасы
«Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау)»
          (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)
 
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
2) ХҚКО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
3) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда.
Интернет-ресурстары: көрсетілетін қызметті берушінің: www.kgd.gov.kz, Министрліктің: www.minfin.gov.kz, ХҚКО: www.con.gov.kz.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары немесе «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы (бұдан әрі – Салық төлеушінің кабинеті), Салық есептілігін өңдеу сервистері (бұдан әрі – СЕӨС) ақпараттық жүйесі арқылы;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы да көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
патент негізіндегі шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер жүгінген жағдайларды қоспағанда, салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы немесе салық есептілігін тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешімді беру – көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды берген күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерге салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешімді беру – көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды берген күні.
Көрсетілетін қызметті алушы, не болмаса нотариат куәландырған сенімхаты бойынша оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш;
2) салық кезеңі басталғаннан бастап салықтық өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру күніне дейін салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша салық есептілігі;
4) қызметін қайта бастаған күннен бастап алдағы кезеңге (қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін қызметті қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда, патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын көрсетілетін қызметті алушылар) патент құнының есебі.
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы салықтық өтініште көрсетілген салық кезеңі басталғаннан бастап қызметті тоқтата тұру күніне дейін салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша салық есептілігі;
3) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш – егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса;
4) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы (қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін қызметті қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда, патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын қызметті алушылар үшін) қызметін қайта бастаған күннен бастап алдағы кезеңге патент құнының есебі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және ХҚКО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешімі немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тартуы туралы шешімі болып табылады.
Сондай-ақ ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 8-800-080-7777, 1414 арқылы да алуға болады.