Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы жадынамасы «Элек

Жаңалықтар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы жадынамасы «Элек

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 15.09.2017
Оқылды: 781 Печать страницы
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы жадынамасы «Элек
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы жадынамасы
«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі»
          (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)
 
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда.
Интернет-ресурстары: көрсетілетін қызметті берушінің: www.kgd.gov.kz, Министрліктің: www.minfin.gov.kz.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
көрсетілетін қызметті беруші тарапынан ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары, веб-қосымша «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы да көрсетіледі
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
электрондық салық төлеуші ретінде тіркеуқабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) жою немесе ауыстыру – көрсетілетін қызметті алушы салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
қызмет берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтық өтініш;
қызмет алушының жеке төл құжаты (жеке тұлғаны сәйкестендіру).
порталға:
салық өтініші электронды құжат түрінде.
жеке куәлік, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркеу құжаттары туралы мәліметтерді қызмет берушінің қызметкері мемлекеттік ақпараттық жүйесінен алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) ЭЦҚ жеткізгішті беру;
2) ЭЦҚ жою;
3) ЭЦҚ ауыстыру.
Сондай-ақ ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 8-800-080-7777, 1414 арқылы да алуға болады.