Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Үлгі болуға тиіспіз

Жаңалықтар

Үлгі болуға тиіспіз

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 08.08.2017
Оқылды: 158 Печать страницы
Үлгі болуға тиіспіз
 
Біз үшін ана тілдің қадір-қасиетін биіктетуді асыл парызымыз деп білуден артық мәртебелі міндет жоқ. Ол әрбірімізге азаматтық жауапкершілік жүктейді. Мұны ең алдымен біз, мемлекеттік қызметшілер, жоғары деңгейде сезіне білуіміз, сөзімізбен де, нақты іс-әрекетімізбен де басқаларға үлгі-өнеге бола білуіміз керек.
Тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдары мемлекеттік тілдің беделін арттырып, жаңа деңгейге көтеру алда тұрған басты міндеттердің бірі болды. Мемлекеттік тілге ресми қолдау көрсетумен қатар, оған бүкіл қоғам тарапынан қамқорлық жасау мәселесі де күн тәртібінде тұрды. Сонымен қатар, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін дамытуға жағдай жасау жөнінде міндеттер белгіленді. Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздері, мемлекеттік тіл – қазақ тілін және басқа этнос тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттер айқындалды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақ-сы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз» деп атап өткен болатын. Мұның өзі жас ұрпақты ата тілін жетік білуге, мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге жасалып отырған нақты қадамдар. Біз мемлекетіміздегі басқа этнос өкілдерінің тіліне құрметпен қарай отырып, мемлекеттік тілдің дамуына мүдделілік танытуымыз лазым. Бұл тұрғыда жауапкершілік жүгінің салмағы өзімізге түсетінін естен шығармағанымыз жөн.
Қазіргі таңда мемлекет жүргізіп отырған тіл саясатының негізгі мақсаты – жинақталған оң тәжірибелерді ұтымды пайдалана отырып, мемлекеттік тілдің ме-рейін өсіру болып табылады.
Е.Дүйсембаев,
Текелі қалалық
сотының судьясы