Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Халықаралық турнир

Жаңалықтар

Халықаралық турнир

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 08.08.2017
Оқылды: 68 Печать страницы
Халықаралық турнир
 
ЭКСПО-2017 көрмесі аясында 5 тамызда елорданың «Астана Арена» стадионында «EXPO 2017 Football Cup» халықаралық футбол турнирі басталады.
Елордалық стадионда Қазақстан, Ресей, Италия, Германия, Португалия құрама командалары мен әлем құрамасы ойнайды. Турнирде Дино Баджо, Марко Дельвеккио, Нуну Манише, Жан-Пьер Папен, Роман Широков, Валерий Карпин, Александр Филимонов сынды әлемдік футболдың ардагер жұлдыздары өнер көрсетеді.
«EXPO 2017 Football Cup» турнирінің ұйымдастырушылары билеті бар адамдарға орын таңдау еркіндігі берілетіндігін айтып: «Осы жаздың ең басты спорттық шараларының бірі саналатын турнирге билетті «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің кассасы немесе ресми сайты арқылы сатып алуға болады. Тickets.expo2017astana.com сайты арқылы онлайн билетті сатып алу үшін «Мәдени бағдарлама» тармағына, ал оның ішінде стадионның уақыты мен секторына кіру керек», – деді.