Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Шеберлікті шыңдаған жарыс

Жаңалықтар

Шеберлікті шыңдаған жарыс

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 02.08.2017
Оқылды: 94 Печать страницы
Шеберлікті шыңдаған жарыс
 
21-23 шілде күндері «Горняцкий» шағынауданындағы арнайы жарыс орнында маунтинбайктан Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионаты өтті. Қалалық Мәдениет үйінің алаңындағы салтанатты ашылу рәсімінде қалалық спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы Бауыржан Тұғылбаев, Талдықорғандағы Андрей Кивилев атындағы облыстық велоспорттан олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар және жасөспірімдер мектебінің директоры Қапалбай Әділбеков құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Табиғаты тылсым, ауасы шипа қаламыздың көркем келбеті спортшыларға рух беріп, жігерін тасытқаны анық.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жүйріктің жүйрігі атану үшін келген велошабандоздар шыжыған күннің астында таласқа түсіп, намысты қолдан бермеді. Астана, Алматы қалаларынан және 7 облыстан барлығы 9 команда, 50-ден астам спортшы үш күнге созылған дүбірлі додада кросс-кантри эстафета, кросс-кантри элиминатор, кросс-кантри олимпик кезеңдерінде барын салды.
Үшінші кезеңде жасөспірімдер арасында тау бөктерлерінің тік еңістерін шебер бағындыра білген жерлестеріміз Денис Сергиенко мен Татьяна Богданова алтын медаль тақты. Қос бірдей шабандозымыз өнер көрсеткен Алматы облысының командасы бірінші кезеңде жалпы есепте 1-орынға ие болды.
Болашағынан зор үміт күттіретін саңлақтар тамыз айында Малайзияда өтетін Азия кубогына арналған жарысқа қызу дайындалуда.
Нұржан Махаббатқызы