Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Баршаға ортақ маңызды міндет

Жаңалықтар

Баршаға ортақ маңызды міндет

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 02.08.2017
Оқылды: 63 Печать страницы
Баршаға ортақ маңызды міндет
 
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру мақсатында барлық салалар бойынша тиісті шаралар қолға алынып, ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Елбасы айқындап берген бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі Ұлт жоспарының 80-қадамында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу көзделген. Сондықтан, жаңа жүйені тұрғындар арасында насихаттау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қалалық ішкі саясат бөлімі, «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестігі, қалалық жастар орталығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін насихаттау мақсатында қалалық ауруханада түсіндіру жұмыстары өтті. Ауруханаға келушілерге арнайы ақпараттық парақшалар таратылып, тұрғындар тарапынан туындаған сауалдарға жауап берілді. Сондай-ақ, аурухана қызметкерлерінің қатысуымен флешмоб ұйымдастырылды.
Нұржан Махаббатқызы