Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Деструктивті діни ағымдардың белгілері

Жаңалықтар

Деструктивті діни ағымдардың белгілері

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 01.08.2017
Оқылды: 97 Печать страницы
  1. Діннің, діни догмалардың ерекшеліктері туралы идеялардың болуы.
  2. Зайырлы тәртіпті, оның ішінде заңдарды, билік  және баскару органдарын мойындамайтын ұйгарымдардың болуы.
  3. Діни алауыздьқ немесе араздық тудыратын, қәуіпсіздікке, өміргe, денсаулыққа, адамгершілікке немесе азаматтардың кұқықтары мен бостандықтарына қәуіп төндіретін ұйғарымдардың болуы.
  4. Діни догмалардың ғылыми түсіндірмесін мойындамау, «мазхабтарды» (исламдағы діни мектептерді) теріске шығару, оның ішінде Орталық Азия мұсылмандары үшін дәстүрлі Әбу Ханифа мазхабын сыни түрде қабылдамау.
  5. Адамдарды шынайы діндар, діннен безгендер немесе адасқандар деп

бөлу.

  1. Халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын мойындамау, оларды ұстанудан үзілді-кесілді түрде бас тартуға шақыру.
  2. Діндарлардың мәдени-бұқаралық ic-шараларға баруын, теледидар, әcipece ойын-сауық және музыкалық бағдарламалар мен хабарларды карауын шектеу.
  3. Әйелдердің киім үлгісін таңдау еркіндігін шектеу немесе әйелдердің оның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған қыз балаларды анық көрінетін діни киімді немесе басқа елдер мен халықтарға тән киімді киюге мәжбүрлеу.
  4. Діни талаптар мен рәсімдер бойынша некеге тұру және некені бұзу ұйғарымы.
  5. Ұлттық тілге және мәдениетке нұқсан келтіретін өзгеше сейлемдерді, сөздерді, сленгтерді қолдану ұйғарымы.
  6. Ұлттық дәстүрлерге, мәдениетке және қазіргі заманғы талаптарға нұқсан келтіретін  өзгеше түрге ие болу және өзгеше киім кию ұйғарымы:

Ер адамдар үшін:

  • күтім көрмеген, бей-берекет өсірілген сақал. Мұрт қырып тасталады;
  • тобықтан төмен түспейтін, кең пішімді қысқартылған шалбар (дене пішінін анық көрсететін  киім үлгісіне тыйым салынады).

Әйел адамдар үшін:

  • Денені толығымен немесе толық дерлік жабатын кең үлгідегі киім (паранджа, бурка, чадра, химар, хиджаб). Көбінесе қара түсті немесе басқа да қараға жақын түстер (қара-қоңыр, қара-көк, сұр).