Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » БІЛІКТІ МҰҒАЛІМ – МЕКТЕП ЖҮРЕГІ

Жаңалықтар

БІЛІКТІ МҰҒАЛІМ – МЕКТЕП ЖҮРЕГІ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 17.05.2017
Оқылды: 121 Печать страницы
БІЛІКТІ МҰҒАЛІМ – МЕКТЕП ЖҮРЕГІ

Білім мен техниканың қарыштап дамыған заманында өмір сүріп отырған мұғалім кәсіби шеберлігін тұрақты жетілдіріп отыруға міндетті. Кәсіби шеберлік байқаулары ұстаздардың жігерін жанып, ізденімпаздығын арттырары сөзсіз. Қаламыздың үздік ұстазын анықтауға бағытталған байқау №4 орта мектебінде ұйымдастырылды. Байқауда мектептерден іріктелген 8 мұғалім сынға түсті.

Барлығы 4 кезеңнен құрылған қалалық байқау үміткерлердің педагогикалық ұстанымын ұсынып, жоба қорғауымен, эссе жазу, тосыннан берілген тапсырмаларды орындауымен қызықты өтті. Қорытындысында, №1 ОМ география пәнінің мұғалімі Бақытжан Молбаев үздік деп танылып бас жүлде иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. №8 ОМ математика пәні мұғалімі Олеся Бугрова І орын, №6 ОМ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Наталья Дегтярева ІІ орынға ие болса, №3 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Наталья Старостина мен №4 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сабира Дінбай ІІІ орынды өзара бөлісті. №7 ОМ математика пәні мұғалімі Бақытжан Әліп «Ізденуші мұғалім», №2 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Каленикова Марина «Зерттеуші мұғалім», №5 ОМ тарих пәні мұғалімі Жадыра Жұмабаева «Шығармашыл мұғалім» аталымдарына ие болды.