Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Аида – жеңімпаз

Жаңалықтар

Аида – жеңімпаз

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 16.05.2017
Оқылды: 107 Печать страницы
Аида – жеңімпаз

Алматы облысы әкімдігі, облыстық білім басқармасы, жастар саясаты орталығы, «Жетісу» телеарнасы бірлесіп ұйымдастырған Алматы облысы әкімінің жүлдесіне арналған «Зерде» интеллектуалдық ойынында жерлесіміз

Аида Құмарова бас жүлдені жеңіп алды.

Ол білімімен оза шауып, 96 үміткердің арасынан үздік атанып, 2 миллион теңгенің сертификатын иеленді. Талдықорған қаласында өткен ақтық сында, барлығы 4 кезең-нен құрылған интеллектуалдық ойында мерейімізді арттырған оған облыстық білім басқармасының дипломы, «Жетісу» телеарнасының дипломы, арнайы кубок табысталды. Аиданың мақсаты айқын. №4 орта мектебінің биылғы оқу жылының түлегі болашақта білікті маман иесі атанып, ел дамуына үлес қосуды армандайды.