Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Идеялар алаңы

Жаңалықтар

Идеялар алаңы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 12.05.2017
Оқылды: 79 Печать страницы
Идеялар алаңы

ЭКСПО-2017 көрмесінде Сингапур «Үлкен идеялардың шағын қаласы» атты ұлттық павильоны арқылы өз тәжірибесін, энергетика саласындағы әртүрлі идеялар мен инновацияларын таныстырады.

Павильонға кірген бойда қонақтар Сингапурдың тропикалық орманында  жүр-гендей  болады. Одан кейін мультимедиалық экрандар арқылы Сингапурдың энергия саласындағы тарихымен танысуға мүмкіндік бар. Аталған мемлекет шағын көлеміне қарамастан, көптеген инновациялық шешімдерді ойлап тапты.  Жоғарғы алаңқайға көтерілгенде осы шешімдермен қысқаша танысуға  болады. Соның ішінде күн энергиясын енгізуге арналған бастамалар, энергиялық тиімділікпен салынған ғима-раттар және тағы басқа жобалар бар. Бұдан бөлек, таза технологиялардың негізінде істейтін компаниялардың жұ-мысы – энергияны тарату және қолдануға қатысты тәжірибесі таныстырылады. Сингапурда ойластырылған және жүзеге асырылған шешімдер, жоғары технологиялық коммуника-циялық құрылғылармен көр-сетіледі. Ал жылыжай үлгісіндегі террариумге келушілер тілек жазып кете алады. Одан кейін созылатын атриумда кітап оқуға, демалуға және ойлануға жағдай жасалады. Павильонның жалпы аумағы 385 шаршы метр. Павильон ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми ашылуынан бір күн бұрын ашылады.  Ашылу салтанатында хореографиялық ұжымдар өнер көрсетіп, алдын ала экскурсия өткізіледі. Ал 25 шілдеде Сингапурдың ұлттық күні атап өтіледі.

inform.kz