Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Рухани жаңғыру

«Өз далаңды асқақтатып, тауларынды аласартпа»

20 желтоқсанда текелілік мұсылман қауым Мәуліт мерекесін «Металлург» клубында атап өтті. Айтулы мейрамның аясындағы шараға Текелі қаласының әкімі Б. Өнербаев, Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы А. Оразбаев қатысып, барша халықты Мәуліт мерекесімен құттықтады. Жиналған қауым «Самға» жастар театрының «Шүкіршілік», «Ахирет» қойылымдарын және қалалық Мәдениет Үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады. 8 желтоқсан күні №6 орта мектептің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі М.Тутеев және №4 орта мектептің география пәнінің мұғалімі И.А.Дыбовамен ұйымдастырылған «Менің сүйікті қалам – Текелі» атты фотосуреттер байқауы өткізілді. Қамтылған бала саны: 52. 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Текелі қаласының №5 ОМ «Елбасы жолы» киноэпопеясын , Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жастық шағы мен президенттікке сайлану жолын бейнелейтін «Елбасы жолы» фильмін...
Толығырақ... Оқылды: 492 Санат: «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы Уақыты: 20.12.2017

Латын әліпбиіне көшу:мәселе,пікір,ұсыныс

16 желтоқсанда Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында "Текелі жастары латын әліпбиін қолдайды" атты флеш-моб ұйымдастырылды. 13 желтоқсанда № 5 ОМ негізінде«Латын әліпбиіне көшу:мәселе,пікір,ұсыныс»атты тақырыпта облыстық семинар өтті. Семинарға І.Жансугіров атындағы педагогикалық университетінің тіл маманыГ.Т. Чукенаева, «Тіл» оқу- әдістемелік орталығының директоры А.Е. Калысбаева білім бөлімінің әдіскері А.Б. Құрманова қатысты. Шараға Осы семинарға қала мектептерінен 50 тәжірибелі ұстаз қатысты 17 қарашада №8 орта мектебінде өткен семинарда Текелі қаласы мен Рудничный ауылының ұстаздары «Латын графикасына көшу – түркі тілдес халықтардың рухани тұтастығына бастар жол» тақырыбында пікір алмасты. 9 қарашада Алматы облысының ақпараттық топ мүшелері Текелі жұртшылығымен «Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы» атты жүздесу өтті. Қалалық әкімдікте өткен б...
Толығырақ... Оқылды: 507 Санат: «Латын әліпбиіне көшу» жобасы Уақыты: 20.12.2017

Мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге ортопедиялық орындық сыйлады

Тәуелсіздік күні мерекесін Текелі қаласындағы №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінен жәрдем алатын мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер ерекше көңіл-күймен қарсы алды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы шеңберінде аталған кабинетке «Центрально-Азиатская Мебельная Компания Текели» ЖШС ұжымы ортопедиялық орындық сыйлады. Аталған мекемені қамқорлығына алған Кәсіпкерлер палатасы Текелі қалалық филиалының директоры Т.Жұмаділов осындай ізгі шаралар жалғасын табатынын айтты. Мекеме басшысы Н.Әшімбаеваның айтуынша, бұл жерден жалпы мүмкіндігі шектеулі 90-ға тарта бала көмек алады. Соның ішінде сал ауруына шалдыққан балалар үшін ортопедиялық орындықтың пайдасы көп. Бағасы қымбат әрі кез келген жиһаз өндіруші жасай бермейтін орындықты жанашырлықпен сыйлаған кәсіпкерлерге ұжымның да, ата-аналардың айтар алғысы шексіз.
Толығырақ... Оқылды: 417 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 14.12.2017

«Батыр» жаңа күрес залы ашылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында жеке кәсіпкер Марат Құдайбергенұлы Сыдықовтың демеушілігімен Текеліде «Батыр» деген атаумен жаңа күрес залы ашылды. Жаңа нысанның тұсаукесерінде қала әкімі Б.Өнербаев, еркін күрестен жаттықтырушы Б.Нұрғисаұлы өскелең ұрпақ игілігін ойлаған азаматқа ризашылықтарын жеткізді.
Толығырақ... Оқылды: 469 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 14.12.2017

"Рухани Керуен" жобасы

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген мәселелерді орындау мақсатында жолға шыққан «Рухани керуен» Текеліге де келіп жетті. Алматы облысы Дін істері басқармасының "Рухани Керуен" жобасы Текелі қаласындағы Даңқ Монументіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. "Рухани Керуен" жобасы аясындағы қалалық актив жиыны өтті. «Рухани Керуен» аясында Текеліде «Ақпараттық түсіндіру жұмысы – діни сауаттылықты арттырып, рухани байлығымызды дәріптейді» тақырыбында білікті мамандар, ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Текелі қалалық ауруханасында «Рухани Керуен» жобасы бойынша «Денсаулық – болашақ кепілі» тақырыбында діни себептермен екпе, қан құюдан бас тартқан азаматтармен кездесу өтті. Ұлт жоспарына айналған мақаланы насихаттауға мектеп оқушылары да ат салысуда. №8 орта мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен өткізілген &laq...
Толығырақ... Оқылды: 469 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 29.11.2017

«100 жаңа есім» жобасы бойынша

Текелі қаласында «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы» арнайы жобасына іріктелген текелілік тұлғалар туралы жергілікті «Текелі тынысы» газетінде «Табысты текеліліктер», «100 жаңа есім» айдарларымен 5 материал жарияланды. Текелі қаласында «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы» арнайы жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс тобының жоспары құрылды. «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» арнайы жобасына жергілікті үміткерлер іріктеліп, Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы облыстық хатшылығына 14 текелілік азаматтың мәліметтері ұсынылды. «Ел.kz» сайтына ұсынылған қалалық аурухана дәрігері Кан Евгений Валентинович туралы ақпараттық мәлімет облстық ҚХА хатшылығына жолданды. Текелі қаласында «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы» арнайы жобасына іріктелген текелілік тұлғалар туралы жергілікті «Текелі тынысы» газетінде 4 материал, «Кәсіпкер» журналында 1 материал жарияланды.
Толығырақ... Оқылды: 600 Санат: «100 жаңа есім» жобасы Уақыты: 10.11.2017

«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы

«Өлкетану», «Саналы азамат», «Отаным - тағдырым», «Кітап – білім бұлағы»: 28 тамызда Мәдениет үйінде «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 - білімнің үлесі» тақырыбында қалалық Тамыз кеңесі өтті. Кеңесте Елбасының рухани жаңғыруға негізделген «Отаным-тағдырым», «Саналы азамат», «Кітап-білім бұлағы», «Өлкетану» жобаларын тиімді іске асырудағы оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру талқыланды. Тамыз айында «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» аясында өткен облыстық «Тарихы терең заманның жерұйығы Жетісу» байқауында №2 балабақша ұжымы 1 орынға ие болды. «Отаным-тағдырым», «Өлкетану» жобалары аясында 15 тамызда Тынышпаев атындағы мұражайға 52 оқушы, 28-31 тамыз аралығында № 4, № 5 орта мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне барып келді. Қыркүйек айының басынан Текелі қаласында «Жылқы туризмі жә...
Толығырақ... Оқылды: 369 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 31.10.2017

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығы

Қазақ тілі əліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған латын графикасына негізделген қазақ тілі əліпбиі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: Қазақ тілі əліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрсын; қазақ тілі əліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етсін; осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де, соның ішінде ұйымдастырушылық жəне заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдасын. 3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Толығырақ... Оқылды: 553 Санат: «Латын әліпбиіне көшу» жобасы Уақыты: 31.10.2017

Барлық базалық бағыттарды ақпараттық қолдау

Текелі қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 1-27 қазан аралығында барлығы 103 шара ұйымдастырылып, 12 280адам қамтылды. Оның ішінде: «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша74 шара ұйымдастырылып, 6238 адам қамтылды; Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша 7 шара ұйымдастырылып, 2335 адам қамтылды; «Рухани қазына» кіші бағдарламасы 22 шара ұйымдастырылып,3933 адам қамтылды. Жергілікті «Текелі тынысы» газетіндеқазан айында «Рухани жаңғыру» арнайы логотипімен, «100 жаңа есім», «Туған жер», «Твои люди город» айдарларымен 40 мақала жарық көрді. Әлеуметтік желілердегі Текелі қаласының әкімдігі парақшасында «Рухани жаңғыру» логотипімен атқарылған шаралар туралы жарияланымдар, зиялы қауым және оқырмандар мақалалары шығарылып отыр. Қазанда40 жарияланым орналастырылған. Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының қалалық желілік кестесіне сәй...
Толығырақ... Оқылды: 388 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 28.10.2017

«Менің таңдауым – балаларға көмек!»

Тәуелсіздік алаңында «Менің қалам - менің мақтанышым» атты Текелі қаласының 65-жылдық мерейтойы бағдарламасының аясында«Әскери Даңқ қаласы мен арман қаласының арасы» аттымерекелік қойылым және концерт ұйымдастырылып өткізілді. Барлығы 2000 адам қамтылды. Орталық Азия университетінің ұйымдастыруымен «Туған жер – алтын бесік» Текеліліктер құрылтайы өтіп, 50 адамқамтылды. Текелі қаласының 65 жылдық мерейтойы аясында қала көшелеріне қарағай көшеті отырғызылды (қамтылған адам саны – 35). «Менің қаламның биік белестері» атты әлеуметтік-экономикалық жетістіктер көрмесі ұйымдастырылды. Кәсіпкерлік бөлімі мен Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Бал және алма көрмесі өтті (қамтылған адам саны – 100). Қала әкімі Б. Өнербаев қаладағы шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті (35 адам). Текелідегі «Flay» спорттық-сауықтыру клубында «Мүмкіндігі шектеулі қарттарға арналған спорт» әлеуметт...
Толығырақ... Оқылды: 400 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 27.10.2017