Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Рухани жаңғыру

МӘҢГІЛІК ЕЛ ТІРЕГІ

Ұлан-байтақ даламызды ақылымен, күшімен, айбарлы сұсымен қорғап келген бабалар арманы орындалып, тәуелсіз ел болғанда халқымыздың, әсіресе, жас буынның рухани кемел, рухы күшті болуы маңызды. Өткен аптада №5 орта мектебінде ұл-қыздардың жүрегіне отансүйгіштік сезімін ұялатып, қайсарлыққа үндейтін екі бірдей шара өткізілді. Мектептің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Қайрат Рамазанның ұйымдастыруымен жоғарғы әскери оқу орындарында оқитын түлектермен кездесу өтті. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскери күштері институтында оқитын Қадыржан Шаймолданов, Ш.Уәлиханов атындағы кадет корпусының курсанты Айбол Қуантай, Ақтөбе қаласындағы екі дүркін Кеңес Одағының батыры Т.Бигелдинов атындағы ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғаныс күштері әскери институтының курсанты Игілік Тоқтаров және ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтының курсанты Ділшат Әділ іздерінен ерген іні-қарындастарына әскери өмірдің алғашқы баспалдақтарынан сыр шертіп, сұрақтарына жауап берді....
Толығырақ... Оқылды: 384 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 29.01.2018

ХАЛЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген қанатты сөздің төркіні тереңде жатыр. Өз ұлтының қадір-қасиетін, өнегелі салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, ырым-тыйымдарын бойына сіңіріп өскен ұрпақ елдіктің туын әрдайым биік ұстайды. Тәрбие мен білімді егіз өріп, ұлағатты ұл мен қылықты қыз тәрбиелеуді мақсат еткен №8 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ажар Қалысбаева «Ұлттық дәстүр мен мәдениет – ұлттық рухымыздың іргетасы» атты дөңгелек үстел өткізді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткен келелі басқосуда оқушылар ұлттық дүниемізге ерекше қызығушылық танытты. Екпінді ауылынан келген Басар әже ұлттық қолөнер туралы тұщымды әңгіме өрбітіп, өзімен ала келген жүнін түтіп, ұршық иірді. Қалада өткізілетін мерекелік шаралардың сәні мен мәнін еселеп жүрген «Абзал ана отауы» халықтық әжелер ансамблінің мүшелері ақ кимешектің қасиетін ұқтырып, әннен шашу шашты. Сонымен бірге, тұсаукесер, баланы бесікке салу салттарын көрсетті. Қазақ...
Толығырақ... Оқылды: 314 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 25.01.2018

Сырғанақта бір ғажап

Қыста қызықты сәттер көп болады.айнала аппақ қар, балалардың шулаған дауысы, қыстың сыйлар қызығы да аз емес. Әсіресе, қарда шана, мұзда коньки тебугебалалар әуес. Ақ кірпік аязбен бірге құшағын айқара ашатын қаладағы мұзайдындар қыс бойы балалардың сүйікті орнына айналады. Балаларды қыста бос уақытын пайдалы спорттық ойындармен өткізіп, салауатты өмір салтына бейімдеу мақсатында қаламыздағы шағынаудандарда мұзайдын алаңдарын ашуға арнайы орындар қарастырылған. Қазір Орталық саябақта, Мәдениет үйінің саябағында, Жеңіс көшесіндегі және «Достық» шағын ауданындағы балаларға арналған аулалық спорт алаңында шағын мұзайдын жұмыс істеп тұр.Мұз айдындарда балалардың конькиді жалға алып немесе өз конькиімен сырғанақ тебуіне болады. 20-21 қаңтар аралығында Қаскелең қаласында Киокушинкай каратеден өткен Алматы облыстық чемпионатында текелілік спортшылар 9 медаль иеленді. Данелия Акатаева, Әсемай Акранбек, Жалғас Қадырбеков, Нұрлан Қапас, Өркен Құдайберген, Артур Кан жеңімпаз...
Толығырақ... Оқылды: 436 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 25.01.2018

#РуханиЖаңғыру

Текелі қаласының №5 орта мектебінде «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмысты алдын алу» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды. Жиынға мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, мектеп психологтары, қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері және ата-аналар қатысты. Шара барысында жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша мәселелері қарастырылып, жан-жақты талқыланды.Семинарда психологиялық ойындар өткізіліп, бүгінгі таңда жастар мен жасөспірімдер арасында белең алып отырған қауіпті келеңсіздіктер жайында да айтылды. 18-20 қаңтар аралығында қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі, жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Жеңісім саған, Астана" атты Елорданың 20 жылдық мерейтойына орай жоғары сынып оқушыларының қатысуымен жарыс өтті. Жарысқа жалпы 7 команда қатысты. Жарыс қорытындысына сәйкес №8 орта мектебі I орынды, №4 орта мектебі II орынды, №5 орта мектебі III орынды иеленді. Текелі қаласының жастар ресурст...
Толығырақ... Оқылды: 357 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 23.01.2018

Текеліде мотофестиваль өтті

Қазақстанда алғаш ұйымдастырылған «Қыс қызықтары-Зимняя жара.Текелі-2018» мотофестивалінің негізгі мақсаты – туған жер, туған өлке табиғатын мототуризм арқылы әлемге паш ету. Қала көшелерін мото-, автошерумен аралаған алматылық «Nomads» , Free Rider» текелілік «Штурм» мотоклубтарының байкерлері Даңқ Монументіне гүл шоқтарын қойып, бабалар рухына тағзым етті. Енді жыл сайын дәстүрлі түрде Текеліде өткізілетін мотофестивалге ТМД байкерлері де қатысуға тілек білдіруде#туғанжер_туғанөлкетабиғатытамаша#мотокросстекелі
Толығырақ... Оқылды: 344 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 15.01.2018

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырылуда

Текелі қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында сәуір - желтоқсан аралығында барлығы 296 шара ұйымдастырылып, 43 мың адам қамтылды. Оның ішінде: «Туған жер» арнайы жобасы бойынша жалпы сомасы 158,5 млн теңгеге 5 жоба жүзеге асырылды: - Орталық Азия Университетіне баратын ұзындығы 970 м. жол 133,8 млн теңгеге салынды. - Шымкент қаласында өткен республикалық турнир жеңімпазы «Сұңқар» футбол командасының Сочи қаласында өтетін халықаралық турнирге қатысуына текелілік азамат Е. Дүйсебаев қаржылай қолдау көрсетті (3 млн теңге); - жеке кәсіпкер Қ. Ерғожанов («Ергожанов» ЖК) қалада балалар аула алаңын орнатты (1,2 млн теңге); - кәсіпкер М. Сыдықов өз қаражатына «Батыр» күрес залын салды (20 млн теңге); - «Текелі-Орталық Азия жиһаз компаниясы» ЖШС директоры Авдеев Андрей Владимирович Текелі қаласының №2 Психологиялық педагогикалық коррекциялық кабинетіндегі сал ауыруына шалдыққан балаларға өздері...
Толығырақ... Оқылды: 481 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 29.12.2017

"Ұлттық дәстүр мен мәдениет - ұлттық рухымыздың іргетасы"

Текелі қаласының №8 орта мектебінде "Ұлттық дәстүр мен мәдениет - ұлттық рухымыздың іргетасы" атты кездесу өткізілді. Кездесуге келген ақ кимешекті әжелеріміз ұлттығымызды ұлықтайтын салт- дәстүріміздің бастауы-бесікке бөлеу мен тұсаукесер ырымын жасап, оқушыларға ғибратты өнеге көрсетті. Сонымен қатар ұмыт бола бастаған ұршық иіру жайлы айтқанда қыз балалардың қызығушылығы артып, қолдарымен ұршық иіріп көрді. Қазақ халқының әр қуанышқа табыла кететін дәстүрлері көп-ақ! Соның бірі-тойымыздың сәні мен мәні, тойға шашылатын шашу жаңаша түрде оқушылар назарына ұсынылды. Тәтті кәмпит қағаздарына оралған ырым-тиымдар жайлы жазулар шашу боп шашылды. Оқушылар шашуды алып ішіндегі ырымдармен таныса отырып, білмейтіндерін ақ кимешекті әжелерден сұрап, толық жауаптарын алды. Бүркіт баптаудың шебері- Бүркітбай қария ата- бабамыздан келе жатқан құс баптаудың сыры мен қиындығы жайлы ойын ортаға салды. Бұл да ұлттық дәстүріміздің ұмытылып бара жатқан бірден бір сарыны екенін атап айтты. Сә...
Толығырақ... Оқылды: 567 Санат: «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы Уақыты: 21.12.2017

ЖАН ЖЫЛУЫ – ӨМІР ШУАҒЫ

Қайырымдылық жасау жақсы қасиеттердің бірі болып саналады. Қамқорлыққа зәру балаларға жанашырлық таныта отырып жүрек жылуын арнау, аялы алақанды ұсыну – қазақ халқының жаратылысына тән жомарттық пен ізгілік белгісі. Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында №8 орта мектебінің оқушылары Талдықорған қаласындағы «Қамқор» мүгедек балалар үйіне барып қайтты. «Қайырымдылық – ізгіліктің анық көрінісі» атты әуезді кеш жаны жаралы жандардың еңсесін көтеріп, көңілдерін аулап, жақсы көңіл-күй сыйлады. Көрермен балдырғандар қайырымдылық концертін ыстық ықыласпен қабыл алды. Аталған мектептің 9 сынып оқушысы Наурызбай Мақсат «Күнім, сен сөнбеші» әнін орындап, қошеметке ие болды. «Қамқор» үйінің тәрбиеленушілері де тыс қалмай, ән айтып, би билеп, мәнерлеп тақпақ та оқыды. Шара барысында алдын ала мектепте ұйымдастырылған акция барысында арнайы жәшікке жиылған оқу-құралдары, ойыншықтар, тәттілер, т.б. қажетті заттар сыйлық...
Толығырақ... Оқылды: 412 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 20.12.2017

«Тарихқа - тағзым»

Қараша - желтоқсан айында«Өлкетану»курсын ұйымдастыру бойынша,«Туған жер»бағдарламасы аясында курс«Тарихқа - тағзым»тақырыбында Алматы облысындағы мұражайлары мен тарихы орындарға қала мектептері және қалалық «Балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығы» 62саяхат-сабақтарын(Тынышпаев атындағы мұражайна-10 сабақ (қазақ тілі және әдебиеті, тарих, география), Будда ескерткіші тасына – 6 (тарих, география), Рудник шахтасы-2 (география-биология, тарих), І.Жансүгуров атындағы мұражайына-12 (география, тарих, қазақ тілі және әдебиеті) Қамтылған бала саны 635. Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласының аясында № 8 орта мектебінде «Тәуелсіздік-ел тірегі» атты тақырыппен «Таланты Вера» фестивалі өтті. 15 желтоқсанда Текелі қаласының Мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты шара өтті. Қала әкімі Бахтияр Әлтайұлы Өнербаев барша жұртты мемлекеттік мерекемен құттықтап, ел ыры...
Толығырақ... Оқылды: 475 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 20.12.2017

І.Жансүгіров атындағы муражайға саяхат жасады

15 желтоқсанда № 7 орта мектебінің оқушылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өлкетану» бағыты аясында І.Жансүгіров атындағы муражайға саяхат жасады. 1 желтоқсанда Балалар туризмі орталығында «Жас турист» атты жасөспірімдер арасында облыстық жарыс өтті. Жарысқа 3 аудан, 2 қала оқушылары қатысты. Текелі қаласы №6 орта мектеп оқушылары«Рухани жаңғыру» символын қалықтап ұшқан «қыранды» салтанатты лездемеде, Ақ ордамыз Астананың 20 жылдық мерей тойының қарсаңында №4 орта мектепке табыстады. «Қыран құсы» барлық 8 білім ордаларын айналып қайта өзінің ұшырылған мектебіне 15 желтоқсанда ұшып келді. Қамтылған бала саны 4067. Барлық білім беру ұйымдарында қараша мен желтоқсан аралығында Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында халықтың санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру бағытында «Қазақстанның рухани құндылықтары» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Қ...
Толығырақ... Оқылды: 605 Санат: «Киелі жерлер географиясы» жобасы Уақыты: 20.12.2017