Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Рухани жаңғыру

"Ұлттық дәстүр мен мәдениет - ұлттық рухымыздың іргетасы"

Текелі қаласының №8 орта мектебінде "Ұлттық дәстүр мен мәдениет - ұлттық рухымыздың іргетасы" атты кездесу өткізілді. Кездесуге келген ақ кимешекті әжелеріміз ұлттығымызды ұлықтайтын салт- дәстүріміздің бастауы-бесікке бөлеу мен тұсаукесер ырымын жасап, оқушыларға ғибратты өнеге көрсетті. Сонымен қатар ұмыт бола бастаған ұршық иіру жайлы айтқанда қыз балалардың қызығушылығы артып, қолдарымен ұршық иіріп көрді. Қазақ халқының әр қуанышқа табыла кететін дәстүрлері көп-ақ! Соның бірі-тойымыздың сәні мен мәні, тойға шашылатын шашу жаңаша түрде оқушылар назарына ұсынылды. Тәтті кәмпит қағаздарына оралған ырым-тиымдар жайлы жазулар шашу боп шашылды. Оқушылар шашуды алып ішіндегі ырымдармен таныса отырып, білмейтіндерін ақ кимешекті әжелерден сұрап, толық жауаптарын алды. Бүркіт баптаудың шебері- Бүркітбай қария ата- бабамыздан келе жатқан құс баптаудың сыры мен қиындығы жайлы ойын ортаға салды. Бұл да ұлттық дәстүріміздің ұмытылып бара жатқан бірден бір сарыны екенін атап айтты. Сә...
Толығырақ... Оқылды: 450 Санат: «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы Уақыты: 21.12.2017

ЖАН ЖЫЛУЫ – ӨМІР ШУАҒЫ

Қайырымдылық жасау жақсы қасиеттердің бірі болып саналады. Қамқорлыққа зәру балаларға жанашырлық таныта отырып жүрек жылуын арнау, аялы алақанды ұсыну – қазақ халқының жаратылысына тән жомарттық пен ізгілік белгісі. Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында №8 орта мектебінің оқушылары Талдықорған қаласындағы «Қамқор» мүгедек балалар үйіне барып қайтты. «Қайырымдылық – ізгіліктің анық көрінісі» атты әуезді кеш жаны жаралы жандардың еңсесін көтеріп, көңілдерін аулап, жақсы көңіл-күй сыйлады. Көрермен балдырғандар қайырымдылық концертін ыстық ықыласпен қабыл алды. Аталған мектептің 9 сынып оқушысы Наурызбай Мақсат «Күнім, сен сөнбеші» әнін орындап, қошеметке ие болды. «Қамқор» үйінің тәрбиеленушілері де тыс қалмай, ән айтып, би билеп, мәнерлеп тақпақ та оқыды. Шара барысында алдын ала мектепте ұйымдастырылған акция барысында арнайы жәшікке жиылған оқу-құралдары, ойыншықтар, тәттілер, т.б. қажетті заттар сыйлық...
Толығырақ... Оқылды: 300 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 20.12.2017

«Тарихқа - тағзым»

Қараша - желтоқсан айында«Өлкетану»курсын ұйымдастыру бойынша,«Туған жер»бағдарламасы аясында курс«Тарихқа - тағзым»тақырыбында Алматы облысындағы мұражайлары мен тарихы орындарға қала мектептері және қалалық «Балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығы» 62саяхат-сабақтарын(Тынышпаев атындағы мұражайна-10 сабақ (қазақ тілі және әдебиеті, тарих, география), Будда ескерткіші тасына – 6 (тарих, география), Рудник шахтасы-2 (география-биология, тарих), І.Жансүгуров атындағы мұражайына-12 (география, тарих, қазақ тілі және әдебиеті) Қамтылған бала саны 635. Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласының аясында № 8 орта мектебінде «Тәуелсіздік-ел тірегі» атты тақырыппен «Таланты Вера» фестивалі өтті. 15 желтоқсанда Текелі қаласының Мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты шара өтті. Қала әкімі Бахтияр Әлтайұлы Өнербаев барша жұртты мемлекеттік мерекемен құттықтап, ел ыры...
Толығырақ... Оқылды: 368 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 20.12.2017

І.Жансүгіров атындағы муражайға саяхат жасады

15 желтоқсанда № 7 орта мектебінің оқушылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өлкетану» бағыты аясында І.Жансүгіров атындағы муражайға саяхат жасады. 1 желтоқсанда Балалар туризмі орталығында «Жас турист» атты жасөспірімдер арасында облыстық жарыс өтті. Жарысқа 3 аудан, 2 қала оқушылары қатысты. Текелі қаласы №6 орта мектеп оқушылары«Рухани жаңғыру» символын қалықтап ұшқан «қыранды» салтанатты лездемеде, Ақ ордамыз Астананың 20 жылдық мерей тойының қарсаңында №4 орта мектепке табыстады. «Қыран құсы» барлық 8 білім ордаларын айналып қайта өзінің ұшырылған мектебіне 15 желтоқсанда ұшып келді. Қамтылған бала саны 4067. Барлық білім беру ұйымдарында қараша мен желтоқсан аралығында Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында халықтың санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру бағытында «Қазақстанның рухани құндылықтары» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Қ...
Толығырақ... Оқылды: 484 Санат: «Киелі жерлер географиясы» жобасы Уақыты: 20.12.2017

«Өз далаңды асқақтатып, тауларынды аласартпа»

20 желтоқсанда текелілік мұсылман қауым Мәуліт мерекесін «Металлург» клубында атап өтті. Айтулы мейрамның аясындағы шараға Текелі қаласының әкімі Б. Өнербаев, Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы А. Оразбаев қатысып, барша халықты Мәуліт мерекесімен құттықтады. Жиналған қауым «Самға» жастар театрының «Шүкіршілік», «Ахирет» қойылымдарын және қалалық Мәдениет Үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады. 8 желтоқсан күні №6 орта мектептің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі М.Тутеев және №4 орта мектептің география пәнінің мұғалімі И.А.Дыбовамен ұйымдастырылған «Менің сүйікті қалам – Текелі» атты фотосуреттер байқауы өткізілді. Қамтылған бала саны: 52. 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Текелі қаласының №5 ОМ «Елбасы жолы» киноэпопеясын , Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жастық шағы мен президенттікке сайлану жолын бейнелейтін «Елбасы жолы» фильмін...
Толығырақ... Оқылды: 414 Санат: «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы Уақыты: 20.12.2017

Латын әліпбиіне көшу:мәселе,пікір,ұсыныс

16 желтоқсанда Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында "Текелі жастары латын әліпбиін қолдайды" атты флеш-моб ұйымдастырылды. 13 желтоқсанда № 5 ОМ негізінде«Латын әліпбиіне көшу:мәселе,пікір,ұсыныс»атты тақырыпта облыстық семинар өтті. Семинарға І.Жансугіров атындағы педагогикалық университетінің тіл маманыГ.Т. Чукенаева, «Тіл» оқу- әдістемелік орталығының директоры А.Е. Калысбаева білім бөлімінің әдіскері А.Б. Құрманова қатысты. Шараға Осы семинарға қала мектептерінен 50 тәжірибелі ұстаз қатысты 17 қарашада №8 орта мектебінде өткен семинарда Текелі қаласы мен Рудничный ауылының ұстаздары «Латын графикасына көшу – түркі тілдес халықтардың рухани тұтастығына бастар жол» тақырыбында пікір алмасты. 9 қарашада Алматы облысының ақпараттық топ мүшелері Текелі жұртшылығымен «Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы» атты жүздесу өтті. Қалалық әкімдікте өткен б...
Толығырақ... Оқылды: 402 Санат: «Латын әліпбиіне көшу» жобасы Уақыты: 20.12.2017

Мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге ортопедиялық орындық сыйлады

Тәуелсіздік күні мерекесін Текелі қаласындағы №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінен жәрдем алатын мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер ерекше көңіл-күймен қарсы алды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы шеңберінде аталған кабинетке «Центрально-Азиатская Мебельная Компания Текели» ЖШС ұжымы ортопедиялық орындық сыйлады. Аталған мекемені қамқорлығына алған Кәсіпкерлер палатасы Текелі қалалық филиалының директоры Т.Жұмаділов осындай ізгі шаралар жалғасын табатынын айтты. Мекеме басшысы Н.Әшімбаеваның айтуынша, бұл жерден жалпы мүмкіндігі шектеулі 90-ға тарта бала көмек алады. Соның ішінде сал ауруына шалдыққан балалар үшін ортопедиялық орындықтың пайдасы көп. Бағасы қымбат әрі кез келген жиһаз өндіруші жасай бермейтін орындықты жанашырлықпен сыйлаған кәсіпкерлерге ұжымның да, ата-аналардың айтар алғысы шексіз.
Толығырақ... Оқылды: 340 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 14.12.2017

«Батыр» жаңа күрес залы ашылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында жеке кәсіпкер Марат Құдайбергенұлы Сыдықовтың демеушілігімен Текеліде «Батыр» деген атаумен жаңа күрес залы ашылды. Жаңа нысанның тұсаукесерінде қала әкімі Б.Өнербаев, еркін күрестен жаттықтырушы Б.Нұрғисаұлы өскелең ұрпақ игілігін ойлаған азаматқа ризашылықтарын жеткізді.
Толығырақ... Оқылды: 383 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 14.12.2017

"Рухани Керуен" жобасы

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген мәселелерді орындау мақсатында жолға шыққан «Рухани керуен» Текеліге де келіп жетті. Алматы облысы Дін істері басқармасының "Рухани Керуен" жобасы Текелі қаласындағы Даңқ Монументіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. "Рухани Керуен" жобасы аясындағы қалалық актив жиыны өтті. «Рухани Керуен» аясында Текеліде «Ақпараттық түсіндіру жұмысы – діни сауаттылықты арттырып, рухани байлығымызды дәріптейді» тақырыбында білікті мамандар, ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Текелі қалалық ауруханасында «Рухани Керуен» жобасы бойынша «Денсаулық – болашақ кепілі» тақырыбында діни себептермен екпе, қан құюдан бас тартқан азаматтармен кездесу өтті. Ұлт жоспарына айналған мақаланы насихаттауға мектеп оқушылары да ат салысуда. №8 орта мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен өткізілген &laq...
Толығырақ... Оқылды: 365 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 29.11.2017

«100 жаңа есім» жобасы бойынша

Текелі қаласында «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы» арнайы жобасына іріктелген текелілік тұлғалар туралы жергілікті «Текелі тынысы» газетінде «Табысты текеліліктер», «100 жаңа есім» айдарларымен 5 материал жарияланды. Текелі қаласында «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы» арнайы жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс тобының жоспары құрылды. «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» арнайы жобасына жергілікті үміткерлер іріктеліп, Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы облыстық хатшылығына 14 текелілік азаматтың мәліметтері ұсынылды. «Ел.kz» сайтына ұсынылған қалалық аурухана дәрігері Кан Евгений Валентинович туралы ақпараттық мәлімет облстық ҚХА хатшылығына жолданды. Текелі қаласында «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы» арнайы жобасына іріктелген текелілік тұлғалар туралы жергілікті «Текелі тынысы» газетінде 4 материал, «Кәсіпкер» журналында 1 материал жарияланды.
Толығырақ... Оқылды: 500 Санат: «100 жаңа есім» жобасы Уақыты: 10.11.2017