Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Рухани жаңғыру

«Ауылым алтын бесігім» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін іске асыру және мемлекеттілік пен отансүйгіштікті нығайту мақсатында № 7 орта мектепте «Ауылым алтын бесігім» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Мектеп директоры А. Жақсыбаева оқушыларға сәттілік тілеп, өз жылы лебізін білдірді. Оқушылар сүйікті ауылы туралы өлеңдер мен әндер орындап берді.
Толығырақ... Оқылды: 432 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 19.02.2018

"Ауған - сөнген шоқ, өшкен арман, Тек сенен Есте қалған..." атты Ауған ардагерлерімен кездесу өтті.

14 ақпанда №8 орта мектебінде Ауған соғысының 29 жылдығына арналған "Ауған - сөнген шоқ, өшкен арман, Тек сенен Есте қалған..." атты Ауған ардагерлерімен кездесу өтті. Ардагерлерімізбен өткен қызықты жарыстың бірі - дойбы жарысы. Жарыс қортындысы бойынша жүлдегерлер анықталды. Сонымен қатар, автомат шашып, жылдам жинау сайысы ұйымдастырылып, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Ардагерлерімізге ерліктері үшін мың алғыс айтамыз!
Толығырақ... Оқылды: 423 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 16.02.2018

"Ардагерлер - асыл ерлер!" атты кездесу өтті

№1 орта мектебінде ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында "Ардагерлер - асыл ерлер!" атты кездесу өтті.
Толығырақ... Оқылды: 493 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 16.02.2018

Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының таныстырылымы ұйымдастырылды

Жастар ресурстық орталығында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының таныстырылымы ұйымдастырылды. Ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Шоханова кітаптың қысқаша мазмұнына тоқталып, Қазақ Елінің өткен тарихы мен даму кезеңдері туралы әңгіме өрбітті: «Қазақ Елінің тәуелсіздік шежіресі баяндалған Президент туындысының әр тарауындағы мемлекетіміздің жетістіктері мен толайым табыстары – бар қазақстандықтың мақтанышы.Ұлт көшбасшысының тарихи жылнамалық шежірелік шығармасы ұлтымыздың ұлы құндылығы болатыны даусыз. Жас Қазақстанның Тәуелсіздік таңы атқаннан бастап бүгінгі биігімізге дейінгі даму кезеңі толық қамтылған кітаптың жас ұрпақ үшін тәрбиелік–танымдық маңызы да зор». Жиынға қатысқан «Текелі тынысы» газетінің бас редакторы Т.Тұрлыбаева, жастар ресурстық орталығының маманы А.Тәкенов те өз ой-толғамдарымен бөлісіп, жастардың ұлт тарихын тануында Елбасы еңбегінің тапсырмас құнды құжат екеніндігін жеткізді. Ша...
Толығырақ... Оқылды: 445 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 16.02.2018

"Өшпес ғұмыр - өміршең жыр" атты әдеби-сазды кеш өтті.

Бүгін №5 орта мектебінде "Өшпес ғұмыр - өміршең жыр" атты әдеби-сазды кеш өтті. Жиынға қатысқан жетісулық ақын Жұматай Әміреев, журналист Құралбек Сәбитұлы Ұлы Дала даналары - Абай, Мағжан, Мұқағали, Шәкәрім, Махамбет жырларын оқып, жас ұрпаққа тәрбиелік маңызы зор өнегелі әңгіме өрбітті.
Толығырақ... Оқылды: 405 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 14.02.2018

Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 29 жыл

Текелі қалалық №5 орта мектебінде қаладағы Ауған соғысы ардагерлері оқушылармен жүздесіп, жүректерге жазылмас жара салған соғыс жайында әңгімеледі. Жастарды еліміздегі берекелі бейбіт өмірді қастерлеп, асыл армандарын біліммен, өнермен өрнектеуге шақырды. Кездесуде, сондай-ақ, 2001 жылы туған бозбалаларға әскери тіркеу куәлігі салтанатты түрде табысталды.
Толығырақ... Оқылды: 402 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 14.02.2018

«Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш өткізілді

Мұқағали жырлары жылдан-жылға, ғасырдан-ғасырға жалғаса бермек! Оның рухани қазынасын ұлт игілігіне асыратын ХХІ ғасыр жастары. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында М.Мақатаевтың туған күніне орай «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Кеш барысында артына айрықша өшпейтін із қалдырған ақиық ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасалды. Туған жерге, халқына, Отанына, ана тіліне деген махаббат сезімі оның шығармаларының басты тақырыбы болғаны, ол өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтегені айтылып, оқушылар ақынның «Үш бақытым», «Отан», «Қазақстан», «Қара өлең», «Ақ қайың», «Саржайлау» атты өлеңдерін оқыды.
Толығырақ... Оқылды: 459 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 12.02.2018

"Кəдесый" дəстүрін көрсетті

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында №5 орта мектебінің оқушылары "Салт-дəстүрді жаңғырту" акциясы барысында "Кəдесый" дəстүрін көрсетті.
Толығырақ... Оқылды: 368 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 12.02.2018

Журналист-жазушы, сазгер Сәбит Биболовтың шығармашылығына арналған кеш өтті

Текелі қалалық кітапханасында қаламыздың тұрғыны, Ескелді ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, журналист-жазушы, сазгер Сәбит Биболовтың шығармашылығына арналған кеш өтті.
Толығырақ... Оқылды: 469 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 10.02.2018

Мәдени-спорттық «Ақшақар» мерекесі атап өтілді

Текелі қаласының тұрғындары мәдени-спорттық «Ақшақар» мерекесін атап өтті. Шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік концертті тамашалап, түрлі мәдени-спорттық шараларға қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 381 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 10.02.2018