Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Рухани жаңғыру

№4 орта мектебінде "Сөзмаржан" лингвистикалық ойыны өтті

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында әдеби тіл білімін шыңдау, көнерген сөздерді жаңғырту мақсатында №4 орта мектебінде "Сөзмаржан" лингвистикалық ойыны өтті. Ойынға 9-сынып оқушыларынан құралған екі топ қатысып, қойылған сұрақтарға белсене жауап берді. Сайыс нәтижесі бойынша "Аманат" тобы ІІ орынды, "Болашақ" тобы ұтқырлық танытып, жүлделі І орынды иеленді.
Толығырақ... Оқылды: 280 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 30.03.2018

№4 орта мектебінде "Латын әліпбиі: Бүгіні мен келешегі" атты қалалық семинар өтті

Бүгін қала мектептерінің қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндері мұғалімдерінің қатысуымен қазақ тілін латын графикасына негізделген жаңа әліпбиге көшіру жобасы жайлы пікір алмасу мақсатында №4 орта мектебінде "Латын әліпбиі: Бүгіні мен келешегі" атты қалалық семинар өтті. Семинар психологиялық орта құру, дөңгелек үстел, пікірсайыс кезеңдерінен тұрды. Латын графикасына көшудің тиімді жақтары мен алдағы уақыттарда тудыратын қиындықтары сөз етіліп, сұрақ-жауап арқылы қатысушылардың ойы тыңдалды.
Толығырақ... Оқылды: 383 Санат: «Латын әліпбиіне көшу» жобасы Уақыты: 30.03.2018

Туристік фестиваль өткізілді

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Текелі қаласының балалар мен жасөспірімдер туристік және өлкетану орталығының ұйымдастыруымен қалалық саябақта туристер-өлкетанушылар арасында "Бір отан! Бір тағдыр" атты туристік фестиваль өткізілді. Іс-шарада 50 ден астам үйірме қатысушылары маятникпен секіру, аспалы өткел, параллельді өткел, шым-шытырық кезеңдерінен тұратын «кедергілер жолағынан" өтіп, бақ сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мадақтама грамоталарымен марапатталды.
Толығырақ... Оқылды: 297 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 30.03.2018

Астананың 20 жылдығына арналған шығармашылық фестивалі

Текелі қалалық Мәдениет үйінде Астананың 20 жылдығына арналған шығармашылық фестивалі «Конферанс» кезеңімен аяқталды. Өнерпаз өрендер сөйлеу шеберлігімен, жақсы дайындығымен тамсандырды.
Толығырақ... Оқылды: 264 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 20.03.2018

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының жиырма жылдығы» тақырыбында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу біріңғай сынып сағаты өтті.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі бірлесіп, Текелі қаласы №8 орта мектебінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының жиырма жылдығы» тақырыбында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу біріңғай сынып сағаты өтті. Аталған біріңғай сабақ шеңберінде 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ортақ саясаттың маңыздылығы тақырыптарына арналды.
Толығырақ... Оқылды: 367 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 19.03.2018

Жас ұрпаққа жемқорлықтың жағымсыз кесірінен жиренетін дағды қалыптастыру

Жас ұрпаққа жемқорлықтың жағымсыз кесірінен жиренетін дағды қалыптастыру, олардың санасына адалдықты сіңіріп, еңбекқорлыққа шақыру мақсатында Текелі қаласының №1 орта мектебінде «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбында бейнелеу өнерінен байқау ұйымдастырылды. Байқауға қала мектептерінде құрылған «Адал ұрпақ» клубтарының мүшелері, сондай-ақ белсенді, өнерлі оқушылар қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 336 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 19.03.2018

"Надежда" ансамблі әннен шашу шашты

Бүгін "Металлург" мәдениет клубында наурыз мейрамына орай "Надежда" ансамблі әннен шашу шашып, концерттік бағдарламасымен қала тұрғындарын қуантты.
Толығырақ... Оқылды: 388 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 19.03.2018

Көрісу - қазақтардың ертеден келе жатқан салт-дәстүрі

Көрісу - қазақтардың ертеден келе жатқан салт-дәстүрі. Бұл күні адамдардың кешірімді болуы, жақсылық тілеуі, сондай-ақ үлкендерге құрмет пен ізет дәріптеледі. Осы мейрамға орай "Металлург" мәдениет клубында "Абзал ана отауы" халықтық ансамблінің "Шежіре - өнер тәлімі" үйірмесі салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында "Көрісу" дәстүрін көрсетті.
Толығырақ... Оқылды: 402 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 19.03.2018

Білім беру мекемелерінің оқушылары арасында хореографиялық жанрда шығармашылық фестиваль өтті

Текелі қаласының Мәдениет үйінде қаланың білім беру мекемелерінің оқушылары арасында хореографиялық жанрда шығармашылық фестиваль өтті. Қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, үлкен дайындықпен келгендерін көрсетті. Кеш соңында Мәдениет үйінің директоры Нестерев К.М. оқушыларға таланттарын дамытуда өз кеңестерін беріп, шығармашылық жолында сәттілік тіледі.
Толығырақ... Оқылды: 304 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 13.03.2018

9-сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

#Руханижаңғыру Бүгін №8 орта мектебінде оқушыларға болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру мақсатында "Правильный выбор профессии - фундаментальный фактор успеха казахстанской молодежи" атты 9-сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Толығырақ... Оқылды: 336 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 13.03.2018