Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Рухани жаңғыру

"Адал ұрпақ - Мәңгілік ел болашағы" тақырыбында театырлық қойылым байқауы өтті

Құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында Текелі қаласы №8 орта мектебінде "Адал ұрпақ - Мәңгілік ел болашағы" тақырыбында театырлық қойылым байқауы өтті. Байқау 2 кезеңнен тұрып, жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар анықталды. І орынды №3 және №4 орта мектеп оқушылары, ІІ орынды №5 және №7 орта мектеп оқушылары, ІІІ орынды №6 және №8 орта мектеп оқушылары иеленді.
Толығырақ... Оқылды: 315 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 04.05.2018

«Огни Алатау» және «Жетісу» газеттерінің 100 жылдығына орай редакторлармен кездесу ұйымдастырылды

Текелі қаласының үлкен мәжіліс залында облыстық «Огни Алатау» және «Жетісу» газеттерінің 100 жылдығына орай редакторлармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде «Огни Алатау» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар Одағының лауреаты Идигов Атсалим Саламұлы және «Жетісу» газетінің бас редакторының орынбасары,ақын Әміреев Жұматай Оспанұлы газеттердің тарихына үңіліп, ертеңі мен бүгіні жайлы қызықты әңгіме өрбітті. Жиын соңында 100 жылдық тарихы бар газеттерді талай жылдан бері қызығып оқитын тұрақты оқырмандарға арнайы сыйларын табыстады.
Толығырақ... Оқылды: 283 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 25.04.2018

"Жұлдыз-ай" байқауына қатысып І орынға ие болды

Текелі қаласы №5 орта мектебінің оқушысы Орынбаев Ержан облыстық "Жұлдыз-ай" байқауына қатысып І орынға ие болды. Байқауда өз туындыларын көрсетіп, шығармашылық жұмыстарын таныстырды.
Толығырақ... Оқылды: 282 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 23.04.2018

"Шеберлер қалашығы" атты фестиваль өтті

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында Текелі қаласы Мәдениет үйінде Балалар шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен "Шеберлер қалашығы" атты фестиваль өтті. Оқушылар өз қолдарымен жасалған ұлттық бұйымдарды, суреттерді көрсетіп, ән шырқап, би билеп өз өнерлерін ортаға салды. Мәдениетүйі фойесінде мектеп оқушыларының декоративті-қолданбалы шығармашылығының қолөнер бұйымдары көрмесі ұйымдастырылды.
Толығырақ... Оқылды: 334 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 23.04.2018

«Ұлттың алтын қоры» әдеби-танымдық кеш ұйымдастырылды

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы бойынша Текелі қалалық кітапханасында «Ұлттың алтын қоры» әдеби-танымдық кеш ұйымдастырылды. Оған Текелі кәсіптік колледжінің студенттері белсене қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 356 Санат: «100 жаңа есім» жобасы Уақыты: 18.04.2018

І.Жансүгіров әдеби музейінде болып қайтты

Текелі қаласының №8 орта мектебінің 8 сынып оқушылары Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында І.Жансүгіров әдеби музейінде болып қайтты. Мұқағали Мақатаевтың өмірімен танысып, тұтынған бұйымдарын өз көздерімен көріп және шығармашылық жұмыстарын көріп қайтты.
Толығырақ... Оқылды: 333 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 16.04.2018

Текелі қаласының Мәдениет үйінде әкімнің Кубогына арналған КТК ойыны өтті

Жас ұрпақтың шығармашылығын дамыту және рухани өсуіне жағдай жасау, ой өрісін кеңейту мақсатында Текелі қаласының Мәдениет үйінде әкімнің Кубогына арналған КТК ойыны өтті. Жарысқа 4 команда қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Кәсіптік колледждің "Рахмет" командасы, ІІ орынды №4 орта мектебінің "Жастар" командасы, ІІІ орынды №5 орта мектебінің "Арлан" командасы, ІV орынды №1 орта мектебінің "Көз тимесін" командасы иеленді.
Толығырақ... Оқылды: 306 Санат: «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы Уақыты: 13.04.2018

"Еңсесі биік - Елорда!" тақырыбында патриоттық әндер байқауы өтті

Оқушылардың бойында Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Текелі қаласының №5 орта мектебінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында қаладағы мектеп оқушыларының қатысуымен "Еңсесі биік - Елорда!" тақырыбында патриоттық әндер байқауы өтті. Қатысушылар өнерлерін ортаға салып, байқауға үлкен дайындықпен келгендерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша І орынды №8 орта мектебінің оқушылары Жұмакелді Мардана мен Адильханова Жанерке, ІІ орынды №5 ОМ оқушысы Избакиев Расул, ІІІ орынды №2 орта мектебінен Смағұл Құралай қанжығасына байлады.
Толығырақ... Оқылды: 305 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 12.04.2018

«Дәстүрлі әндерді дәріптеу» атты дәріс-концерт өтті

Текелі қалалық балалар шығармашылығы орталығында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Мәдени даму» базалық бағыты аясында «Дәстүрлі әндерді дәріптеу» атты дәріс-концерт өтті.
Толығырақ... Оқылды: 343 Санат: «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы Уақыты: 31.03.2018

Қалалық білім беру мекемелерінің театр ұжымдарының фестивалі өтті

Текелі қаласының Мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Халықаралық театр күніне арналған қалалық білім беру мекемелерінің театр ұжымдарының фестивалі өтті.
Толығырақ... Оқылды: 294 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 30.03.2018