Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Рухани жаңғыру

Сурет салу байқауы өтті

Текелі қаласының №3 балабақшасында балаларға табиғат ұғымының мәнін ашып, танымдық қабілеттерін, шығармашылық потенциалдарын дамыту және туған өлке табиғатын аялауға, сүюге тәрбиелеу мақсатында «Как прекрасен этот мир, посмотри» атты сурет салу байқауы өтті. Барлық қатысушылар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.
Толығырақ... Оқылды: 398 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 10.09.2018

Отбасы күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Қора өзенінің жағалауында №5 орта мектебінің ұжымы мен оқушыларының ұйымдастыруымен отбасы күніне орай «Текті қалам – Текелім» атты мерекелік іс-шара өтті.
Толығырақ... Оқылды: 349 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 10.09.2018

Қалалық кітапханада Конституция күніне орай «Конституция-Қазақстан Республикасының негізгі заңы» атты білім аукционы өткізілді

Шара барысында кітапханашы балалармен Қазақстан Республикасы Конституциясының шығу тарихы, "Конституция" ұғымы, тараулары, қабылдануы және қолданысы жөнінде әңгімелесіп, сұрақ-жауап ойынын ойнатты. Балалар өз өнерлерін ортаға салып, патриоттық әндер айтып, би биледі.
Толығырақ... Оқылды: 311 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 03.09.2018

"Мәңгілік ғажайып - кітап"

Текелі қаласы әкімдігінің қалалық кітапханасының №2 филиалында кітапханашы Л.Калиновская "Мәңгілік ғажайып - кітап" атты библио-анонс ұйымдастырды. Аталған шараның мақсаты - кітап оқу қажеттілігін түсіндіріп, оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылықтарын ояту, кітап әлеміне саяхат жасау. Шара барысында кітапханашы кітап баспасының, кітапханалардың тарихы жайында қызықты ақпарат берді.
Толығырақ... Оқылды: 284 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 05.08.2018

«Латын әліпбиі – жаңа заман талабы»

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қалалық кітапханада «Латын әліпбиі – жаңа заман талабы» атты сұхбат жүргізілді. Шара барысында қазақ әліпбиінің тарихы, қазақ тілінің дамуы және оның латын графикасына көшу қажеттілігі туралы әңгіме жүргізілді.
Толығырақ... Оқылды: 408 Санат: «Латын әліпбиіне көшу» жобасы Уақыты: 05.08.2018

За природу в ответе каждый" экологиялық мозаикасын ұйымдастырды

Оқырмандарға жер шарындағы экологиялық жағдай туралы түсінік беру мақсатында "Текелі қаласы әкімдігінің қалалық кітапханасы" №2 филиалында кітапханашы Л.Калиновская "За природу в ответе каждый" экологиялық мозаикасын ұйымдастырды. Шара барысында кітапханашы қатысушыларды қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық жағдайға, табиғатқа қатысты өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Толығырақ... Оқылды: 257 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 01.08.2018

№8 орта мектебінің оқушылары Қарасай және Жамбыл аудандарының мұражайларына саяхат жасады

Оқушылар ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне салынған мұражайға барып, Елбасымыздың балалық шағымен танысып, білім алған мектебіне барды. Осы саяхат оқушыларға Отанымыздың тарихы мен мәдениеті туралы көптеген тарихи фактілерді білуге мүмкіндік берді.
Толығырақ... Оқылды: 289 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 25.06.2018

«Ақ бата – асыл мұра» атты бата беру жарысы өтті

Текелі қаласының Жастар ресурстық орталығында Ардагерлер кеңесі мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Ақ бата – асыл мұра» атты бата беру жарысы өтті. Байқауға қатысқан аталарымыз, өздерінің керемет сөздерімен келген қонақтарды таңғалдырды. Тартысқа толы болған байқауда Сәлімжан Оқан атамыз І орынды иеленсе, ІІ орынды Файзулла Бүркітбайұлы, ІІІ орынды Уәйсхан Мазтай қанжығасына байлады.
Толығырақ... Оқылды: 373 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 08.06.2018

«Өз өлкеңді таны» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды

Жастарға туған өлке тарихын зерделеуге, таным түсінігін кеңейтуге көмектесу, туған жердің тарихына үңіле білуге, отанымызды қадірлей білуге тәрбиелеу мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Текелі қалалық кітапханасында «Өз өлкеңді таны» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Толығырақ... Оқылды: 444 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 08.06.2018

«Жаса, қазақ!» атты ән кеші өтті

Текелі қаласының Мәдениет үйінде халықтың сүйікті әншілері Әділ Сламхан мен Дана Маханбаеваның «Жаса, қазақ!» атты ән кеші өтті. Концертке келген көрермендер ортаға шығып би-билеп, тамаша көңіл күймен тарқасты.
Толығырақ... Оқылды: 334 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 01.06.2018