Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Рухани жаңғыру » «Латын әліпбиіне көшу» жобасы

«Латын әліпбиіне көшу» жобасы

"Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау"

Текелі қаласында "Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау" тақырыбында ақпараттық-насихат тобы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. "Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері жобасын" түсіндіру бойынша арнайы құрылған ақпараттық насихат тобының мүшелері Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бас директорының міндетін атқарушы Ербол Тілешов, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Жүнісбек Әлімхан және Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев жаңа әліпбиге көшудің мәні мен емледегі өзекті мәселелер жөнінде баяндама жасап, ереженің қағидаларымен және жаңалықтарымен таныстырды.
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: «Латын әліпбиіне көшу» жобасы Уақыты: 12.11.2018

«Шаги масштабной программы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Қалалық кітапханада қала жастарының қатысуымен «Шаги масштабной программы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған шара "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Қазақ тілін латын графикасына көшіру" арнайы жобасы аясында ұйымдастырылды. Қатысушылар латын графикасына көшудің қажеттілігі мен оң тұстарын талқылады.
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: «Латын әліпбиіне көшу» жобасы Уақыты: 28.09.2018

«Латын әліпбиі – жаңа заман талабы»

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қалалық кітапханада «Латын әліпбиі – жаңа заман талабы» атты сұхбат жүргізілді. Шара барысында қазақ әліпбиінің тарихы, қазақ тілінің дамуы және оның латын графикасына көшу қажеттілігі туралы әңгіме жүргізілді.
Толығырақ... Оқылды: 83 Санат: «Латын әліпбиіне көшу» жобасы Уақыты: 05.08.2018

№4 орта мектебінде "Латын әліпбиі: Бүгіні мен келешегі" атты қалалық семинар өтті

Бүгін қала мектептерінің қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндері мұғалімдерінің қатысуымен қазақ тілін латын графикасына негізделген жаңа әліпбиге көшіру жобасы жайлы пікір алмасу мақсатында №4 орта мектебінде "Латын әліпбиі: Бүгіні мен келешегі" атты қалалық семинар өтті. Семинар психологиялық орта құру, дөңгелек үстел, пікірсайыс кезеңдерінен тұрды. Латын графикасына көшудің тиімді жақтары мен алдағы уақыттарда тудыратын қиындықтары сөз етіліп, сұрақ-жауап арқылы қатысушылардың ойы тыңдалды.
Толығырақ... Оқылды: 136 Санат: «Латын әліпбиіне көшу» жобасы Уақыты: 30.03.2018

«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

20 ақпан 2018 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған Жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Астана, Ақорда, 2018 жылғы 19 ақпан № 637 Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлығына ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығымен БЕК...
Толығырақ... Оқылды: 223 Санат: «Латын әліпбиіне көшу» жобасы Уақыты: 21.02.2018

Қазақ тілін латын графикасына көшіруді түсіндіру бойынша дәріс өтті

Текелі қаласының кәсіптік колледжінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында Жастар ресурстық орталығы мен "Нұр Отан" партиясы Текелі қалалық филиалының ұйымдастыруымен қазақ тілін латын графикасына көшіруді түсіндіру бойынша дәріс өтті.
Толығырақ... Оқылды: 214 Санат: «Латын әліпбиіне көшу» жобасы Уақыты: 06.02.2018

Латын әліпбиіне көшу:мәселе,пікір,ұсыныс

16 желтоқсанда Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында "Текелі жастары латын әліпбиін қолдайды" атты флеш-моб ұйымдастырылды. 13 желтоқсанда № 5 ОМ негізінде«Латын әліпбиіне көшу:мәселе,пікір,ұсыныс»атты тақырыпта облыстық семинар өтті. Семинарға І.Жансугіров атындағы педагогикалық университетінің тіл маманыГ.Т. Чукенаева, «Тіл» оқу- әдістемелік орталығының директоры А.Е. Калысбаева білім бөлімінің әдіскері А.Б. Құрманова қатысты. Шараға Осы семинарға қала мектептерінен 50 тәжірибелі ұстаз қатысты 17 қарашада №8 орта мектебінде өткен семинарда Текелі қаласы мен Рудничный ауылының ұстаздары «Латын графикасына көшу – түркі тілдес халықтардың рухани тұтастығына бастар жол» тақырыбында пікір алмасты. 9 қарашада Алматы облысының ақпараттық топ мүшелері Текелі жұртшылығымен «Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы» атты жүздесу өтті. Қалалық әкімдікте өткен б...
Толығырақ... Оқылды: 182 Санат: «Латын әліпбиіне көшу» жобасы Уақыты: 20.12.2017

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығы

Қазақ тілі əліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған латын графикасына негізделген қазақ тілі əліпбиі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: Қазақ тілі əліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрсын; қазақ тілі əліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етсін; осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де, соның ішінде ұйымдастырушылық жəне заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдасын. 3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Толығырақ... Оқылды: 203 Санат: «Латын әліпбиіне көшу» жобасы Уақыты: 31.10.2017

Қазақ тілін латын графикасына көшіру

Текелі қалалық әдістемелік кабинетінің және «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 19 қазанда№8 орта мектебінде «Латын жазуына көшу мәселелері» семинармектеп директорларының әдістемелік ісі, тәрбие ісі жөніндегі және тіл мамандарының қатысуымен өткізілді (40 адам қамтылды). Орталық кітапханада Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы директорының қатысуымен «Переход на латинский алфавит – шаг в будущее» дөңгелек үстел өтті. Шараға25 адам қамтылды. «Тіл» оқу-әдістемелік орталығындаТекелі қаласының Құрметті азаматы М. Шалқыбекованың қатысуымен «Латын әліпбиіне көшу - уақыт талабы» дөңгелек үстел ұйымдастырылып, 15 адам қамтылды. Қала әкімі Б. Өнербаевтың шағын және орта бизнес өкілдерімен «Латын әліпбиіне көшу – әлемдік үрдіске жақындау» кездесуі өтті.Кездесуге 40 адам қатысты. Жастар орталығындаүкіметтік емес ұйымдар, діни бірлестіктер жән...
Толығырақ... Оқылды: 200 Санат: «Латын әліпбиіне көшу» жобасы Уақыты: 27.10.2017