Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Рухани жаңғыру » «Туған жер» бағдарламасы

Ұлттық дәстүрлер

Қалалық №1 балабақшасының «Балапан» тобының тәрбиешілері мен ата-аналары бірлесіп өткізген Наурыз мерекесіне арналған шарада халқымыздың ұлттық дәстүрлері көрсетілді. Мерекеге орай, ұлттық үлгідегі киім-дерді киген бүлдіршіндер мен ата-аналар көктемде дала төсін құлпыртқан әр алуан гүлдердің табиғатпен жарасымдылығын паш еткендей. Алдымен көрісу дәстүрі көрсетілді. Ауыл адамдарының бейнесін сомдаған балалар құшақтаса көрісіп, бір-бірінің хал-жағдайын сұрасып, жақсы тілектер айтты. Содан соң төрге жайылған дастарқан басында Керімбек би мешітінің ұстазы Нұржол Ғазез наурыз батасын берді. «Достық» шағынауданының тұрғыны Бәтима әже немересі Әдемінің тұсауын кестіріп, балабақша бүлдіршіндеріне халқымыздың тұсау кесу салтының мән- маңызын түсіндірді. Мерекелік шарада, сондай-ақ, балаларға асық ату, арқан тарту секілді ұлттық ойындар ойнатылды. Наурыз айында ел болып атқаратын игі істердің бірі – ағаш егу. Осы салтымызды балалар санасына ұялату мақсатында аула...
Толығырақ... Оқылды: 110 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 26.03.2019

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ Талантты оқушылардың өнерін шыңдау мақсатында қаламыздағы білім мекемелерінің арасында шығармашылық фестивалі өтті. Вокал, дəстүрлі əн, аспаптық және хореография кезеңдері бойынша өткен шараға үздік орындаушылар қатысып, өнерлерін көрсетті.
Толығырақ... Оқылды: 138 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 26.03.2019

Кітапханашылар байқауы

Текелі қаласының №6 орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Кітап-алтын қазына» атты қалалық кітапханашылар байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орынды Гулбану Ержанова , ІІ орынды Любовь Гутяр иеленіп, Парила Қонбай байқау жеңімпазы атанды.
Толығырақ... Оқылды: 135 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 26.03.2019

Кездесу

Текелі қаласының №5 орта мектебінде ақын, сатирашы Қыдыр Байдүйсеновтың шығармашылығына арналған кездесу өтті. Оқушылар поэзияға деген құлшыныстарын білдіріп, өлең оқып, ақынның өнегеге толы әңгімесін тыңдады. Сондай-ақ, кештің құрметті қонақтарының қатарында Сәбит Биболов, Мэлс Керейбаев, Торғын Тұрлыбаева, Ақан Ырымжанұлы және Қуат Құрманбаев болды.
Толығырақ... Оқылды: 126 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 26.03.2019

Өлкетану фестивалі

Балалар мен жасөспірімдерге арналған туризм және өлкетану орталығында өлкетану формуы өтті. Білім бөлімі және орталықтың ұйымдастыруымен өткен шараға 150-ге жуық мектеп оқушылары қатысып, екі кезең бойынша сайысқа түсті. Ол - «Туған өлкем - Жетісу» тақырыбында «Не? Қайда? Қашан?» ойыны және экскурсиялық маршрутты қорғау кезеңі. Нәтижесінде үздіктер грамоталармен марапатталды.
Толығырақ... Оқылды: 136 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 26.03.2019

кітап калейдоскобы

Текелі қалалық кітапханасында күй өнерінің ұлы шебері - Қ.Сағырбайұлының 200 жылдығына орай «Оның домбырасы халық үшін шырқалды» атты кітап калейдоскобына қысқаша шолу өтті.
Толығырақ... Оқылды: 116 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 26.03.2019

ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін атап өтті. Атамекенге деген сезім мен махаббатың өлшемі шектеулі болмайды. Ол шексіз. Осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына етене сіңіріп, қанға дарыту үшін, сөздің ұғымын кең мағынасында түсіну үшін, Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында орындалу керек міндеттердің ішіне «Туған жер» бағдарламасын ұсынды. Осы орайда біріншіден білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізу, экологияны жақсартуға баса мән берілу қажеттігі талап елілген болатын. Сондықтан біздің Текелі қаласының балалар мен жасөспірімдердің туристік және өлкетану орталығы бұл тұрғыда Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында іс- шаралар өткізіп келеді. А...
Толығырақ... Оқылды: 131 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 26.03.2019

Жас өренді ұлттық өнерге баулуда

Жас өренді ұлттық өнерге баулуда Ұлттық өнер - сан ғасырлар бойы сақталған өміршең қазына. Оны жастардың бойына сіңіру аға буын өкілдерінің маңызды міндеті. Осы орайда, Алматы облысы Текелі қалалық Балалар шығармашылығы орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жас өренді ұлттық өнерге баулу мақсатында «Ата кәсіп – мол нәсіп» атты танымдық кеш ұйымдастырылды. Ұмыт болған өнер жәдігерлерін, мәдени мұрамызды сақтап, оны өскелең ұрпаққа жеткізуді мақсат тұтқан шарада қазақ және орыс халқының қолөнері, оның ішінде ою-өрнек, кесте тігу, ши тоқу, қамшы өру сынды өнер түрлері көрсетілді. Түрлі сәндік қолданбалы өнер туындыларымен безендірілген зал көздің жауын алады. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, бойындағы тұнып тұрған қабілетін ашу, оны ары қарай дамыту, өнерге баулуды басшылыққа алған орталық мамандары өз саласы бойынша кең мағлұмат беріп, көрерменнің көңілін аулап, қолөнерге деген қызығушылықтарын арттыра білді....
Толығырақ... Оқылды: 192 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 26.02.2019

Кітап- білім бұлағы

Бүгін "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Кітап- білім бұлағы" бағытын іске асыру мақсатында Текелі қаласының №5 орта мектебінде "Жақсы кітап - жан азығы" атты интелектуалды сайыс өтті.
Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 26.02.2019

Латын әліпбиі – жаңа өмір бастауы

Латын әліпбиі – жаңа өмір бастауы Қазақ әліпбиін латын жазуына көшіру мәселесі Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері қызу талқыланып келе жатқан тақырыптардың бірі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев латын графикасына өтетін уақытты белгілеп, бұл мәселенің ақырғы нүктесін қойған болатын. Латын әліпбиіне көшу — ата-бабамыздың сан ғасырлардан арман еткен тәуелсіздікті, рухани бостандықты, саяси дербестікті нығайтудың белгісі. Бүгінгі таңда латынәліпбиіне көшу әлемдік мәдениетпен қауышуға мүмкіндік жасайды. Түркі елдерімен ортақ жазуымыз, ортақ ұлттық мәдениетіміз қалыптасады. Латын әліпбиін қолдану — әлемдік интеграция, ақпарат алу мүмкіндігіміздің артуы. Елбасымыз атап өткендей: «Латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдылыққа ие». Латын әліпбиі мүмкіндігі шектеусіз жаңа техниканың тілі. Әсіресе, компьютердің көптеген бағдарламаларында төл әріптері бар қазақ әліпбиі оқылмайды. Оған себеп кириллицаға көшу барысында тілдің табиғатына, дыбысқа сай әріп, та...
Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 21.02.2019