Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Рухани жаңғыру » «Туған жер» бағдарламасы

Біз Жеңіс туралы не білеміз

Текелі қаласының балалармен жұмыс істейтін №1 филиалының ұйымдастыруымен №5 орта мектептің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Біз Жеңіс туралы не білеміз?» атты танымдық сағаты өтізілді.
Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 06.05.2019

Ерлер - жердің қорғаны, елдің тұтқасы

Текелі қаласының №5 орта мектебінде оқушылардың бойындағы патриоттық сезімін жоғарылату, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, Отан қорғаушы ретінде азаматтық және адамгершілік қабілетін жоғары ұстауға тәрбиелеу мақсатында «Ерлер - жердің қорғаны, елдің тұтқасы!» атты патриоттық акция өтті.
Толығырақ... Оқылды: 13 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 06.05.2019

Дөңгелек үстел

Жастар орталығында кәмелетке толмағандардың істерін және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Шара барысында балаларға қызықты сұрақтар қойылып, психологиялық тренингтер өткізілді.
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 06.05.2019

Қыз еркем-қылығымен көркем

​Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттеріне баулу мақсатында Текелі қаласының №8 орта мектебінде «Қыз еркем-қылығымен көркем» атты жас мамандар арасында қалалық қыз сыны байқауы өтті. Нәтижесінде №8 орта мектебінің психолог маманы Г.Жеңісова жүлделі І орынға ие болды. Ал ІІ орынды №6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Д.Мухатова, ІІІ орынды №1 орта мектеп дефектологы А.Әкімханқызы иеленді.
Толығырақ... Оқылды: 141 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 29.04.2019

Бүгін қаламызда "Ұлт рухы" денсаулық фестивалі өтті

Текелі қаласында "Ұлт рухы" денсаулық фестивалі өтті. Текеліліктер Д.Қонаев атындағы еліміздің ең ұзын көшесінде 10 шақырымдық жəне 3 шақырымдық марафонға қатысып, гір тасын көтеру, қол күрес жарыстарында бақтарын сынады. Нәтижесінде үздіктер дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Толығырақ... Оқылды: 139 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 24.04.2019

Өнерлі өрендер фестивалі

Өнерлі өрендер фестивалі Текелі қаласының Мәдениет үйінде Балалар шығармашылық орталығы өнерпаздарының қатысуымен "Өнерлі өрендер" фестивалі өтті. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткізілген шығармашылық кеште қазақ халқының және орыс халқының ұлттық бұйымдары, қамшы. кестелеп тігілген бұйымдардан көрме және орталық өнерпаздарының есеп беру концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды. Ән мен күйге толы кеш қонақтары түрлі түске боялған көрмені қызықтап, бүлдіршіндердің дайындаған номерлерін жоғары бағалап, жақсы әсер алды. Қала әкімі Бахтияр Өнербаев жастардың өнерлеріне тәнті болғанын айтып, жас таланттарымыз болашақта әлемнің сахнасын бағындыратын, еліміздің бетке ұстар азаматтары болуына тілектес екенін жеткізді. Балалар шығармашылығы орталығының директоры Светлана Беиспекова орталықтың тарихы туралы айтып өтіп, фестивальдің маңызына тоқталды. - Біздің орталықтың негізі 2002 жылы қаланды. Қазіргі таңда 3 бағытта (м...
Толығырақ... Оқылды: 130 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 24.04.2019

Тәрбие және білім

Қаламыздың №2 орта мектебінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасының «Тәрбие және білім» бағытын іске асыру мақсатында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті. Тартысты өткен сайысқа қала мектептерінің оқушылары қатысты. Жарыстын нәтижесі бойынша I орынды – 5 орта мектебі , II орынды- 3 орта мектебі, III орынды – 2 орта мектебінің командалары иеленіп, жеңімпаздарға мадақтама грамоталар табысталды.
Толығырақ... Оқылды: 123 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 29.03.2019

ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін атап өтті. Атамекенге деген сезім мен махаббатың өлшемі шектеулі болмайды. Ол шексіз. Осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына етене сіңіріп, қанға дарыту үшін, сөздің ұғымын кең мағынасында түсіну үшін, Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында орындалу керек міндеттердің ішіне «Туған жер» бағдарламасын ұсынды. Осы орайда біріншіден білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізу, экологияны жақсартуға баса мән берілу қажеттігі талап елілген болатын. Сондықтан біздің Текелі қаласының балалар мен жасөспірімдердің туристік және өлкетану орталығы бұл тұрғыда Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында іс- шаралар өткізіп келеді. Атап...
Толығырақ... Оқылды: 124 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 26.03.2019

Ұлттық дәстүрлер

Қалалық №1 балабақшасының «Балапан» тобының тәрбиешілері мен ата-аналары бірлесіп өткізген Наурыз мерекесіне арналған шарада халқымыздың ұлттық дәстүрлері көрсетілді. Мерекеге орай, ұлттық үлгідегі киім-дерді киген бүлдіршіндер мен ата-аналар көктемде дала төсін құлпыртқан әр алуан гүлдердің табиғатпен жарасымдылығын паш еткендей. Алдымен көрісу дәстүрі көрсетілді. Ауыл адамдарының бейнесін сомдаған балалар құшақтаса көрісіп, бір-бірінің хал-жағдайын сұрасып, жақсы тілектер айтты. Содан соң төрге жайылған дастарқан басында Керімбек би мешітінің ұстазы Нұржол Ғазез наурыз батасын берді. «Достық» шағынауданының тұрғыны Бәтима әже немересі Әдемінің тұсауын кестіріп, балабақша бүлдіршіндеріне халқымыздың тұсау кесу салтының мән- маңызын түсіндірді. Мерекелік шарада, сондай-ақ, балаларға асық ату, арқан тарту секілді ұлттық ойындар ойнатылды. Наурыз айында ел болып атқаратын игі істердің бірі – ағаш егу. Осы салтымызды балалар санасына ұялату мақсатында аула...
Толығырақ... Оқылды: 103 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 26.03.2019

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ Талантты оқушылардың өнерін шыңдау мақсатында қаламыздағы білім мекемелерінің арасында шығармашылық фестивалі өтті. Вокал, дəстүрлі əн, аспаптық және хореография кезеңдері бойынша өткен шараға үздік орындаушылар қатысып, өнерлерін көрсетті.
Толығырақ... Оқылды: 130 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 26.03.2019