Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Рухани жаңғыру » «Туған жер» бағдарламасы » Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының таныстырылымы ұйымдастырылды

Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының таныстырылымы ұйымдастырылды

Санат: «Туған жер» бағдарламасы
Уақыты: 16.02.2018
Оқылды: 479 Печать страницы

Жастар ресурстық орталығында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының таныстырылымы ұйымдастырылды. Ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Шоханова кітаптың қысқаша мазмұнына тоқталып, Қазақ Елінің өткен тарихы мен даму кезеңдері туралы әңгіме өрбітті: «Қазақ Елінің тәуелсіздік шежіресі баяндалған Президент туындысының әр тарауындағы мемлекетіміздің жетістіктері мен толайым табыстары – бар қазақстандықтың мақтанышы.Ұлт көшбасшысының тарихи жылнамалық шежірелік шығармасы ұлтымыздың ұлы құндылығы болатыны даусыз. Жас Қазақстанның Тәуелсіздік таңы атқаннан бастап бүгінгі биігімізге дейінгі даму кезеңі толық қамтылған кітаптың жас ұрпақ үшін тәрбиелік–танымдық маңызы да зор».

Жиынға қатысқан «Текелі тынысы» газетінің бас редакторы Т.Тұрлыбаева, жастар ресурстық  орталығының маманы А.Тәкенов те өз ой-толғамдарымен  бөлісіп, жастардың ұлт тарихын тануында Елбасы еңбегінің тапсырмас құнды құжат екеніндігін жеткізді. Шараға қатысқандарға «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының электронды нұсқасы таратылды.