Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Рухани жаңғыру » «Туған жер» бағдарламасы » «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш өткізілді

«Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш өткізілді

Санат: «Туған жер» бағдарламасы
Уақыты: 12.02.2018
Оқылды: 482 Печать страницы

Мұқағали  жырлары  жылдан-жылға,  ғасырдан-ғасырға  жалғаса  бермек! Оның  рухани  қазынасын  ұлт  игілігіне  асыратын  ХХІ ғасыр  жастары.

«Рухани  жаңғыру» бағдарламасын  насихаттау мақсатында М.Мақатаевтың туған  күніне  орай  «Жырлайды жүрек»  атты  әдеби-сазды  кеш өткізілді. Кеш  барысында  артына айрықша  өшпейтін  із  қалдырған  ақиық  ақынның  өмірі  мен  шығармашылығына  шолу  жасалды.   Туған  жерге,  халқына,  Отанына,  ана  тіліне  деген  махаббат  сезімі оның шығармаларының  басты  тақырыбы  болғаны,  ол  өзінің  ұлтын,  туған  тілін  ерекше  құрметтегені айтылып, оқушылар  ақынның «Үш  бақытым»,  «Отан»,  «Қазақстан»,  «Қара  өлең»,  «Ақ  қайың»,  «Саржайлау» атты өлеңдерін  оқыды.