Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Рухани жаңғыру » «Туған жер» бағдарламасы » "Дені сау ұрпақ жарқын болашақ кепілі" атты жастар арасында қысқы спорт түрлерінен көңілді старт ойы...

"Дені сау ұрпақ жарқын болашақ кепілі" атты жастар арасында қысқы спорт түрлерінен көңілді старт ойындары өткізілді.

Санат: «Туған жер» бағдарламасы
Уақыты: 08.02.2018
Оқылды: 412 Печать страницы

"Жасыл ел" жастар еңбек жасақтары Республикалық штабының Алматы облыстық филиалы, Текелі қаласының Жастар ресурстық орталығы, "Жас Отан" ЖҚ Текелі қалалық бөлімшесінің ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын жастар тарапынан қолдау мақсатында "Дені сау ұрпақ жарқын болашақ кепілі" атты жастар арасында қысқы спорт түрлерінен көңілді старт ойындары өткізілді. Шараға 7-9 сынып аралығындағы мектеп оқушыларынан 7 команда қатысты. 5 кезеңнен тұратын тартысты ойында жүлделі I орынды №4 орта мектебінің командасы, II орынды №3 орта мектебі, III орынды №6 орта мектебі иеленді. Жеңімпаз командалар диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталды.